Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Атбасарда балаларға арналған ойын-сауық орталығы жұмыс істеп жатыр

14 наурыз 2016 ж., 15:05

Өткен жылдың маусым айында Атбасар қаласында «Салам» балалар ойын-сауық орталығы ашылған болатын. Қалада мұндай орын ашу туралы ой алғаш рет Анастасия Новакқа келді. Әлеуметтік педагог мамандығы бойынша жұмыс істейтін ол баласымен бірге бос уақыт өткізіп, қыдырып, қызықтайтын орын жоқ екендігіне қынжылатын. Отағасымен ақылдаса келе, осындай орталық ашу үшін ғимарат қарастыра бастады. Алайда көздеген істі жүзеге асыру үшін қаражаттары жеткіліксіз болды. Осы кезде болашақ кәсіпкер «Даму» қорына жүгініп, «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасының аясында ғимарат сатып алуға жеңілдік беретін шарттар бойынша жылына 4 пайыздық несие алды.

Ал бүгінгі күні кешенде балалар дәмханасы бар, ойын лабиринттері, үрмелі ойыншық жабдықтары, әртүрлі үстел ойындары және өзге де баланың ойлау жүйесін дамытатын элементтері бар ойын түрлерімен жабдықталған ойын-сауық орталығы жұмыс істейді. Балаларға арналған әр түрлі мерекелер мен фотосессиялар жүргізіледі. Балаларға арналған бұл дәмханада туған күндер жиі тойланады. Бұл мақсатта олардың қызығушылығы мен жас ерекшеліктеріне қарай, балалардың сүйікті кейіпкерлерінің киімін киген кейіпкерлер түрлі қойылымдар ұсынады. Балалардың денелеріне аквагриммен сурет салып, түрлі ертегі кейіпкерлерінің киімдерін кигізеді. Туған күн иесінің суретінен топтама жасап береді. Ойындар ойналып, жұмбақ жасырып, би кеші өтеді. Соның арқасында апта соңындағы демалыс күндерін балалар аңсап күтеді. Себебі бұл күні ең көңілді «Сайқымазақ кеші» өтеді.

Уақытты тиімді өткізіп, балалардың көңілінен шығатын болғандықтан, Атбасарда орталық қызметі үлкен сұранысқа ие екендігі таң қаларлық емес. Келушілер қарасы көбінесе демалыс, мерекелік күндері көп болады. Бір демалыс күнінің өзінде клубқа 50-ден аса адам келеді. Бұл жердің жұмысына әсіресе ата-аналар дән риза. Сондай-ақ аптасына бір рет мүгедек және жетім балаларға арналған тегін мерекелік кештер өткізіліп тұрады.

Бүгінгі таңда кәсіпорында үш жұмыс орны бар. Штатты кеңейтіп, тәжірибелі педагогтар мен аниматорларды шақыру да жоспарланып отыр. Бұл жоба - мемлекеттік қолдауды пайдаланып, өзінің арманын жүзеге асырып, сүйікті ісімен айналысып және одан пайда көріп отырған кәсіпкердің хикаясы ретінде үлгі қылуға тұрарлық.