Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Жабыл облысының кәсіпкерлері «Даму» қорының көмегімен жұмыстарын жетілдіруде

14 наурыз 2016 ж., 15:32

Шағын орта кәсіп саласындағы біраз мекемелерді тығырыққа тіреген әлемдік дағдарысқа қарамастан, Жамбыл облысының кәсіпкерлері бизнесінің дамуы мен кеңеюіне жаңа жолдар қарап, өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Бұл жолда жергілікті кәсіпкерлерге аймақтық «Даму» қоры демеу жасауда.

Бидайшиевтер өз бизнестерін бірнеше жылдан бері дөңгелентіп келе жатқан отбасы. Олар ашқан «Дидар» шаруа қожалығы Құлан ауылын түрлі нан және сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Қожалық басшысы Дидар Бидайшиеваның осы кәсіптің құлағын ұстағанына 10 жыл болды. Ең басында бизнесті Құлан ауылының дүкендеріне тұшпара дайындап сатудан бастаған. Жыл сайын ісін дамытып және жетілдіріп, бүгінгі күні «Дидар» шаруа қожалығы нан-шелпектен бастап, торттар мен бәлішке дейінгі отызға жуық нан-тоқаш түрлерін шығаруда.

Кәсіпкерлер он жыл ішінде жаңа өнім түрлерін енгізіп, жұмыс орын көбейтіп, істерін жетілдіру үстінде болды. Ал 2014 жылы Дидар Бидайшиева «Даму» қорының аймақтық филиалының тікелей демеуімен, 100 тонналық тоңазыту камерасын салу үшін 28 миллион теңге несие алды.

Шаруа қожалығының басшысы бизнесін кәсіби әрі заманауи түрде жүргізу мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Шағын және орта кәсіп топ-менеджерлерін оқыту» жобасы бойынша Астаналық Назарбаев Университетінде білімін жетілдірсе, мекемеге «Аға сеньорлар» бағдарламасы аясында Голандиялық кондитер Тео ван дер Хам келіп, бизнес жүргізуге кәсіби кеңестерімен қатар европалық нан-тоқаш пісіру құпияларымен де бөлісіп кетті.

Ал жақында ғана «Дидар» шару қожалығы Құлан аулында жеке дүкенін ашты. Мұнда ауыл тұрғындары мекеменің барлық өнімдерін сатып ала алады. Дидар Бидайшиеваның айтуынша, жеке сауда нүктесін ашу аса қажетті шара болды. Себебі қиын экономикалық ахуал, сатып алу қабілетінің төмендеуі шағын және орта кәсіп субъектілеріне әсер етпей қоймайды. Сондықтан, бизнесті тоқтатпау үшін сан-алуан жолдар қарау керек. Ал жеке дүкен оның тек бір сатысы ғана. Оған қоса, «Дидар» шару қожалығы өнім түрлерін ұлғайтты.

Дидар Бидайшиева мұнымен тоқтап қалмайтындығын айтады. «Даму» қорының қолдауы арқасында кез келген идея жүзеге асады»,-дейді ол.