Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Атырау қаласында кондитерлық цех мемелекеттік қолдауға ие болды

28 наурыз 2016 ж., 19:03

Атырау қаласының тұрғыны Жаңыл Жәрдемова өз бизнесін 2000 жылдардың басында жылжымайтын мүлікті жалға беруден бастаған болатын. 2010 жылдың қараша айынан бастап «Жардемова Ж.Х.» ЖК болып құрылған кәсіпкер қоғамдық тамақтандыру орнын ашып, кондитерлік өнім шығарумен айналысуға бел буды. Ғимаратты жалға алып, өз қаражатына «Booblik» кафесін ашып, кондитерлік өнім шығаратын құралдар сатып алды. Алғашында мекеме француз жартылай фабрикат өнімдерін сатып алып жүрді. Кейіннен кәсіпкер тәтті-дәмділерді жасауға арналған шикізатты өзінің туған жері Атырау қаласында шығаруды жоспарлады. Ол үшін цех аспаздары француз мамандардан арнайы дәріс алды. 2012 жылы мекемені кеңейту мақсатында Жаныл Хамит қызы үлкен ғимаратты жалға алды.

Алдынғы жылдың мамыр айында Жаныл Жәрдемова «Сбербанк» АҚ-ына қаржыландыруға өтінім берді. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы ретінде «Жәрдемова Ж.Х.» ЖК-не берілген несиенің пайыздық мөлшерлемесі бар болғаны жылына 7% құрады. Сонымен қатар, Жаныл Хамит қызы кәсібі бар заңды тұлға ретінде «Даму» Қорының 50% кепілдендіруін пайдалана алды. Алынған 50 000 000 теңге көлеміндегі несиеге мекеме Германиядан кондитерлік өнімдер шығару көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін құралдар сатып алды.

Қазіргі таңда Жәрдемовтер отбасылық бизнесі 35 адамды жұмыспен қамтып отыр. Цех көп көлемде кондитерлік өнімдерге тапсырыс қабылдайды. Тәттіні жақсы көретіндерге «Booblik» кафесінде торттар, тәтті нандардын сан алуан түрлері бар.

Студент жастарды қолдау мақсатында Жаңыл Жәрдемова жергілікті оқу орнымен келісім-шартқа отырып, сол бойынша студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа қабылданып жатыр.