Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Сандар сөйлейді

4 сәуip 2016 ж., 17:42

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 2010 жылдан бері «Даму» Қоры кәсіпкерлер несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін 119,3 млрд теңге төлеген. Яғни, өңдеу өндірісі (32,02%), көлік және қоймада жүк сақтау (27,8%), автокөліктер мотокөліктер жөндеу (8,36%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (6,36%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (5,9%) секілді шағын және орта бизнестің салаларында барлығы 7 253 жобаға қолдау көрсетілді деген сөз. Бұл жобалардың жалпы құны 1 трлн. 397 млрд. теңгені құрайды.

Несие алу үшін қоятын кепілзаты жетіспеген кезде жалпы құны 69,6 млрд. теңге болатын 1 805 жобаға «Даму» Қоры өз кепілдемесін ұсынды. Яғни, Қор 29,6 млрд. теңгеге кепіл болды. Оның ішінде 2,8 млрд. теңге старт ап жобалар еді.

Кепілдік жөніндегі келісім-шарт жасасу жағынан «Сбербанк» АҚ ЕБ мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ көш басында келеді.

Кепілдеме келісім-шартын жасау жағынан 153 жобамен ШҚО, 145 жобамен Жамбыл облысы және 141 жобамен СҚО алға шықты.

Кепілдік келісім-шартына ең көп сомаға Астана қаласында қол қойылған. Мұнда кепілдік сомасы 3,1 млрд. теңгені құрады.

Шығыс Қазақстанда кепілдік сомасы 2,4 млрд. теңге болса, Солтүстік Қазақстанда 2.2 млрд. теңгеге жетті.

Кепілдік бойынша қаражат алған жобалардың ішінде өңдеу өнеркәсібі жалпы көрсеткіштің 43 пайызын құрап, бірінші орында тұр. Кепілдіктің 16% көлік пен қоймаған жүк сақтау саласына, 13% ауыл шаруашылығына тиесілі.

2015 жылы кәсіпкерлер 115,1 млрд. теңге салық төлеген. («БЖК 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы бойынша). Ең көп салық төлегендер қатарында: Алматы қаласы – 18,3 млрд. теңге, Ақмола облысы – 10 млрд. теңге және Қарағанды облысы – 9.4 млрд. теңге. Өндеу өнеркәсібі саласында қызмет етіп жүрген кәсіпкерлер 63,6 млрд. теңге салық төлесе, 23 млрд. теңге салықты көлік және жүкті қоймада сақтаумен айналысатын кәсіпкерлер төлеген.