Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қоры өз қаражатынан микроқаржылық ұйымдарға 1 млрд. теңге бөледі

15 сәуip 2016 ж., 12:33

Бұл жайында «Даму» Қоры басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров микроқаржы ұйымдарының Қазақстанда өткен тұңғыш арнайы форумында мәлімдеді.

Соңғы бірнеше ай ішінде «Даму» қоры микроқаржылық ұйымдар мен франчайзинг жобаларды қаржыландыру, ШОБ-ті факторинг көмегімен несиелендіру секілді бірнеше бағдарламалар енгізді. Сондай-ақ жыл басында енгізілген «Даму-блиц» жаңа технологиясының қанатқақты жобасы да жемісті жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар, «БЖК 2020» Біріңғай бағдарламасына да өзгерістер енгізілді.

- «Біз дәл осы микро және шағын кәсіпорындардың, әсіресе ауылдық жерлерде банк несиелеріне қол жеткізе алмайтынын Директорлар Кеңесі алдына дәйектедік. Сондықтан да олар үшін бұл бағдарлама - қосымша қаржыландыру көзі. Ал жеделдігі және деңгейлеріне қарай, әрі жекелеп қолға алатындықтан, мұндай қосымша қаржыландырумен микроқаржылық ұйымдар айналысуы керек. Ал «Даму» Қоры өз бағдарламаларымыз тарапынан микронесиелендіру нарығын қаржы бөлу арқылы қолдаймыз. Сондай-ақ облыс орталықтарынан шалғай жатқан ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер үшін қаржының қол жетімдігі мен микро және шағын кәсіпкерліктіктің жедел несие алуына жағдай жасаймыз,- деді форумда сөз алған «Даму» Қоры басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров.

Биыл осы мақсатта «Даму» Қорының өз қаражатынан шамамен 1 млрд. теңге бөлінеді. «Даму» Қоры микроқаржыландыру саласына Халықаралық Қаржы Ұйымдарының да қаражатын тартуды да көздеп отыр.

Осылайша 2020 жылға дейін Қазақстанның микро қаржыландыру саласына бөлінетін жалпы сома 15 млрд. теңгеге жетеді. Микро қаржылық ұйымдарды несиелендіру бағдарламасын жүзеге асырудың 2020 жылдардағы экономикалық әсерін болжайтын болсақ: шамамен, 1 755 жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлер саны 27 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр.

Жедел несиелендірудің «Даму Блиц» жаңа технологиясы алғашқы нәтижелерін де көрсете бастады. 3 ай ішінде кәсіпкерлердің несиелендіруге өтінім берген 43 жобасы мақұлданған. Өтінімдерді қараудың орташа уақыты - 7 күн.

Жыл соңына дейін бұл технологияны барлық өңірлерге енгізбекпіз.

«Даму» Қоры басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров пен Ұжымдық даму және жаңа бағдарламалар департаментінің директоры Майя Кайгородцева жиналғандар алдында сөз сөйлеп, микроқаржылық ұйым өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, қызу пікірталас тудырды.

Май я Кайгородцев аның таныстырылымы мен баяндамасынан кейін Форумға қатысушылар Қордың жаңа бағдарламалары туралы сұрақтарын жаудырды.

Ал Форум қатысушысының мал шаруашылығын несиелендіру мәселелері жайлы сұрағына «ҚазАгро» ҰБХ» еншілес мекемесі «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау Қоры» АҚ өкілі кеңінен тоқталды.

Анықтама үшін: 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Даму» Қоры Астана, KassaNova және Альфа-Банкпен бірге «Даму-Блиц» несилендіру технологиясы» қанатқақты жобасын енгізді. Ол бойынша 7 жұмыс күні ішінде 30 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Жоба Алматы мен Алматы облысы бойынша жүзеге асырылып келеді. Оған экономиканың басымдық берілген салаларында қызмет ететін Алматылық кәсіпкерлер мен кез-келген салада қызмет етіп жатқан Алматы облысының кәсіпкерлері өтінім бере алады. Несие 3 млн. тг., 20 млн. тг және 30 млн.теңгеге беріледі.