Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Еуропа қайта құру және даму банкі Семейлік кәсіпкерлерге көмекке келуде

28 сәуip 2016 ж., 18:00

27-сәуір күні Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Семей қаласының кәсіпкерлеріне арнап консалтинг бойынша семинар ұйымдастырды. Шараның мақсаты - жергілікті кәсіпкерлерге консалтингтің бизнесті дамытуға қосар үлесі және ЕҚДБ шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасымен таныстыру. 30-дан аса жергілікті кәсіпорын басшылары консалтингті пайдалану арқылы кәсіпорын тиімділігін арттыру жайлы ақпарат алады. Шараға «Даму» қорының аймақтық филиалы және Банк ЦентрКредит қолдау көрсетті. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ШҚО аймақтық филиалының директоры Екеев Тимур Жаксылықұлы келушілерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау құралдарын іске асыру тетіктері туралы айтып берді.

«Бизнесмендерге консалтингтің заманауи нарығы туралы және бизнесті дамытуға сарапшылардың қосар үлесі туралы ақпарат алуы өте маңызды» - деді ЕҚДБ Қазақстандағы шағын бизнесті қаржыландыру және дамыту бағдарламасының менеджері Алма Қасымова. «Семей өңірінің кәсіпкерлеріне заман талабына сай болып, үрдістерді оңтайландырып, шығындарды азайтып бәсекеге қабілеттілігін арттыруы, нарықтағы орнын ұстап тұру үшін бизнесін дамытуы ауадай қажет», - деп толықтырды өз сөзін Алма Қасымова.

Арнайы шақырылған Алматы, Семей және Өскемендік кеңесшілер «Бизнестің тиімділігін бағалауда мәліметтерді есептеу және сараптаудың рөлі», «Кәсіпорынға НАССР жүйесін енгізудің артықшылықтары мен пайдасы», «Персоналды басқару құпиялары», «Неге менің тамаша тауарымды ешкім сатып алмайды?», «Кайдзен – дағдарыс кезіндегі даму пәлсапасы, тәсілдері мен құралдары», «Бюджет құру құпиялары», «Тұтынушыға бағытталған бизнес теориясы» тақырыптарына дәріс оқыды.

«ЕҚДБ ұйымдастыруымен еліміздің барлық аймақтарында тұрақты түрде өтіп тұратын осындай шаралар негізінен ауыл-аймақтағы кәсіпкерлерге арналған. «Өткен жылы біз Шығыс Қазақстан облысы бойынша 19 жобаны іске асырдық. Біздің көздеген мақсатымыз кәсіби кеңесшілер көмегімен отандық бизнестің тиімділігін арттыру. Кәсіпкерлер кеңесшілердің қызметінің құнының 75% өтейтін грант ала алады. Бір кәсіпорынға берілетін грант сомасы 10 000 еуродан аспайды». Бұл компоненттің атауы «Сыртқы консультанттарды тарту жолымен алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру»»,-деп атап өтті Алма Қасымова.

ЕҚДБ Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. Осы уақытқа дейін ЕҚДБ Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларына 6,5 млрд еуро инвестициялады. 2016 жылы Банк Қазақстан экономикасына 700 млн еуро инвестициялауды жоспарлап отыр.