Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Алматы қаласы бойынша филиалы «Алматының денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық мүvкіндіктері» атты форумға қатысты

13 мамыр 2016 ж., 16:00

12 мамыр күні «KIHE-2016» кормесі аясында денсаулық сақтау саласы үшін маңызды оқиға - «Алматы қаласының денсаулық сақтаудағы инвестициялық мүмкіндіктері» атты форум өтті. Шараны Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған.

Форумға «Даму» Қорының Алматы қаласы бойынша филиалы да қатысты.

Форум мақсаты – Алматы қаласы денсаулық сақтау саласының жүйесін құрып, дамытуға инвестиция тарту үшін бизнес, мемлекет, шет елдік инвесорлар мен қоғамдық ұйымдар арасында байланыс алаңын қалыптастыру болып табылады.

Форумда Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы В.Ахметов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ю.Тілеумұратов, Қазақстанның шет елдік инвесторлар қауымдастығының басқарма төрағасы Ульф Вокурка, «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының директоры Ғ.Жылысбаев, «Даму» Қоры құзіреттілікті көтеру бағдарламалары бойынша менеджері Л.Оралтаева және «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша өкілдігінің директоры С.Нарбаев қатысты.

Жиынға қатысушылар аталған мемлекеттік бағдарламаның аймақтық денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық қызмет сапасын жақсартуға үлкен мүмкіндік береді деген ойға бірауыздан келісті.