Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму-Көмек» жобасы аясында демеушілік көмек көрсетілді

7 маусым 2016 ж., 10:30

«Көкше-мебель» ЖШС директоры Әмір Сақтағанов мүгедек кәсіпкер Владимир Плетневке автокөлікті жөндеу үшін құрал-саймандар жиынтығын, сондай-ақ қозғалтқышта компрессияны тексеру үшін жабдықты сатып әперді.

Владимир Владимирович жол апатына түсіп, арбаға таңылып қалғанмен еңсесі түскен жоқ. Бүгінгі күні ол қаланың ішіндегі техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде басшы. Владимир Плетневтің қарамағында 3 адам еңбек етеді. Бұрын ол «Жұлдызға қара» байқауына қатысып жаңа көтергішті сатып алуға және қызмет көрсететін сұрыпталымдарды кеңейту үшін грант иегері болған еді. Владимир Владимирович әрқашан өзіңді дамытып, бір орында тұрмау керек деп есептейді, бірақ бизнесті дамыту үшін жеке қаражат жеткіліксіз болады, сондықтан кәсіпкер Қорға көмек үшін жүгініп, «Даму-Көмек» жобасы бойынша өтінім берді. Қажетті саймандарды мүгедек кәсіпкерге Әмір Сақтағанов кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында табыс етті. 

Владимир Плетнев демеушіге алғысын айтып, бизнесте табыс тіледі, сонымен қатар «Даму» Қорының қызметкерлері Амир Сақтағановқа алғыс хат берді.