Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қызылордада шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндіктері талқыланды

8 маусым 2016 ж., 18:45

Қызылордада облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтың төрағалығымен баспасөз-мәслихаты болып өтті. Оған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал директоры Жансұлтан Матаев, «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС директоры Самат Ерниязов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов қатысты.

Кездесу барысында Жансұлтан Матаев кәсібін дөңгелетем деген кәсіпкерлерге 20 млн теңгеге дейін несие берілетінін, сонымен қатар ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестің дамуына көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

Қазіргі таңда Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілерін Аймақтық қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама аясында қарыз алушыларға несие келесі негізгі шарттармен беріледі:

1 ШОКС үшін максималды несие соммасы – 20 000 000 теңге;

Мақсаты – жаңа құралдарды алу және негізгі құралдарды жаңғырту, айналым қаражатын толтыру;

Несие мерзімі - жаңа құралдарды алу және негізгі құралдарды жаңғырту бойынша – 5 жыл, айналым қаражатын толтыру бойынша – 3 жыл.

Сыйақы мөлшерлемесі 8,5% артық емес;

Осындай бағдарламалар Қазақстанның өзге де аймақтарында белсенді және өте табысты түрде жүзеге асырылуда, ал біздің облысымызда жерглікті атқарушы билік пен Қордың бірлесіп қаржыландыруы есебінен ЕДБ-терді аймақтың басым салаларын төменгі мөлшерлемемен қаржыландыру үшін арзан ресурстарды қамтамасыз ететін алғашқы жоба.

- Кешенді қызмет көрсету қызметті дамыту мақсатында Байқоңыр кешеніне келген қонақтарға арнап Төретам кентіндегі Елшібай станциясында 5 га аумақты қамтитын туристік аймақ жасау қарастырылуда. Қазірдің өзінде 1 инвестор 300 млн теңге құрайтын 2,5 га жерге конақ үй кешені, сервис-техникалық орталығы, мини-кафе және жанармай бекетін салуда. Сонымен қатар, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан жергілікті туристік фирма «Этноаул» жобасын ұсынды. Этноауылда туристерге ұлттық салт-дәстүрлердің барлық түрлері көрсетілетін бірнеше киіз үйден тұрады. Әрі қарай, Қамыстыбас көлінің туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жағалауға сэндвич-панельдерден тұрғын үйлер салынуда. Әр үй 24 шаршы метрді құрайды, оның ішінде заманауи жуынатын бөлме, жатын бөлме және ас үй қарастырылған, - деді Азамат Досжанов.
Өткен жылдың статистикалық мәліметтеріне сәйкес Қамыстыбас демалыс аймағына 70000 демалушы барған, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға көп.