Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Германиялық сарапшы Қызылорда қаласында бизнес миссиясын аяқтады

21 маусым 2016 ж., 17:36

Қызылордада Германиялық SES-сарапшы Роземари Гебке жергілікті киім өндіруші кәсіпорынға тауарлардың өтімділігін арттыру ісінде көмектесті. Жеке кәсіпкер Раиса Жұмабайдың «Мереке» ательесі ұлттық үлгідегі киімдерден бастап мектеп формасына дейін тігумен айналысады. Раиса Жұмабай киім шығару саласындағы өз кәсіпкерлік қызметін 2004 жылы бастаған. Кәсіпкер өзінің көп жылдық тәжірибесіне қарамастан, өз кәсіпорнын дамытуда шетелдік сарапшының көмегіне жүгінген.

«Даму» Қорының кеңесшілері Қызылордадағы «Бас Сарапшылар Қызметінің» ресми өкілі «ПРЭКО Қызылорда» Консалтингтік компаниясымен бірлесе отырып, Жеке кәсіпкер Раиса Жұмабайға тәжірибелі неміс сарапшысын шақыртуға көмек көрсетті. Өңірге келген SES-сарапшы Роземари Гебке маркетинг және логистика саласындағы тәжірибелі маман.

- SES-эксперт менің бар күткен үмітімді ақтады. Экономикалық дағдарысқа қарамастан, мен кәсіпорынның кеңеюі мен өнімнің табыстылығын арттыруды жоспарладым. Сондықтанда бизнестегі жаңа деңгейге өту үшін тәжірибесі мол шетелдік маманның кеңесіне жүгіндім. Эксперт Роземари Гебке қазіргі таңда менің кәсіпорныммен бірлесіп жұмыс атқаратын қолжетімді бағадағы брэндтік киімдер шығаратын компаниялар іздестіруде. Ал жақын арада мен Германияға келіссөздер жүргізуге баруды жоспарлап отырмын,-дейді Раиса Жұмабай.

Шетелдік маманның «Мереке» ательесіндегі экспертік миссиясы 11 күнге созылды. Сондай-ақ ол Раиса Жұмабайға компания мен персоналды басқаруды ұйымдастыру жағынан да көмек көрсетті.