Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Кәсіпкер Насихат Джиеналиваның мейрамхана бизнесі «Даму» Қорының қолдауы арқасында өркендеп келеді

11 шiлде 2016 ж., 16:43

Джиеналиева Насихат Вагановна Астрахандағы медициналық училищені тамамдап, біраз уақыт денсаулық сақтау саласында медбике болып кызмет етті. Кейіннен әскери қызметтегі жұбайы отставкаға шыққан соң отбасылық бизнес ашуға бел буады.

- «Өз бизнесімді мен сонау 1991 жылдары Ресейден жиһаз және тоңазытқыштар тасымалдаудан бастадым. 2004 жылы кішкене ғана азық-түлік дүкенін салдым. Оны қазіргі таңда тұрғындарды кешенді түскі аспен қамтамасыз етіп отырған 50 орындық «Залина» кафе-барына дейін кеңейттім. Мұнымен қатар 200-250 адамдық банкет залы қызмет көрсетеді»,-дейді кәсіпкер. Бұл салада біраз тәжірибе жинаған Насихат Джиеналиева осы жетістігінде тоқтап қалмауды көздеп, 400 орындық тойхана салу үшін коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі қажеттіліктер бойынша «Даму» Қорына өтініш білдірді.

Атырау «Халық Банкі» филиалы жылдық мөлшері 14% құрайтын несие бекітіп, 33 млн теңге сомасындағы несиелік қарыз берілді. Оның 10% мемлекет субсидиялайды. Қордан 16,5 млн теңге соммасында кепілдік берілді. 10 жұмыс орны пайда болды.

Жаңа тойхана бүгінде заманауи құралдармен жабдықталған. Аймақ тұрғындары мен жақын ауылдар арасында табысты, сұранысқа ие.