Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Құрметті кәсіпкерлер!

15 шiлде 2016 ж., 17:52

Шымкент қалалық «Даму» Қорының КҚКО Сіздерді «Маркетингтік зерттеу қалай жүргізіледі. Қадамдық нұсқау» шеберлік-сабағына шақырады.

Табысты бизнес құру үшін зерттеулер, сауатты қадам қажет. Тренингке қатысушылар бизнес-идеяның өміршеңдігін тексерудің қарапайым тәсілдерімен танысады.

Шеберлік-сабағы шеңберінде қатысушылар, маркетингтік зерттеуді және нарықты талдауды қалай дұрыс жүргізу керектігін, сонымен бірге зерттеу нәтижелерін өздерінің алдағы қызметтерінде пайдалануды үйренеді.

Бизнес-жаттықтырушы: Ақсәуле Жандарбекова, «Ақ Мерген ӨҚК» ЖШС коммерциялық директоры, кәсіпкер, «СоДействие» ЖШС құрылтайшысы, негізгі қызметтері ақылы бизнес кеңестер ұсыну.

Күні: 19.07.2016 ж.;

Басталуы: сағат 11.00;

Өткізілетін орны: Шымкент қ., «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Рысқұлов к-сі 8 А, «Наурыз» аялдамасы.

Жеке басын куәландыратын құжаттарыңызбен ғана қатыса аласыздар.

Мына телефондар арқылы алдын-ала тіркелуге болады: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57