Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының басшыларына тікелей сұрақ қоя аласыздар!

4 тамыз 2016 ж., 10:44

Достар! Біз Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму қарқыны мен болашағына арналған онлайн-жоба бастаймыз. Барлығыңызды G-Global (http://goo.gl/KJ2oUH) ақпараттық коммуникативті алаңында өтетін пікір алмасуға шақырамыз.

Көкейіңізде жүрген сұрақтарды тікелей «Даму» Қорының басшыларына қоя аласыз. G-Global-дың осы айдағы бет тұлғасы – Қордың Басқарма төрағасы – Қаныш Тулеушин мен филиал, департамент директорлары сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді. Сол арқылы сіздер өз бизнесіңізді ашып, дамыту жолындағы мүмкіндіктеріңізді саралап, аяқтан тұрып кетуге не керек екенін біле аласыздар.

Ол үшін не істеу керек? http://goo.gl/KJ2oUH сілтемесі арқылы өтіп, толғандырған сұрағыңызды қоя аласыз. Тіркелу қажет емес.

Жақында біз Қор басшылары мен өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен бірқатар онлайн-бейнеоконференциялар өткізуді жоспарлап отырмыз. Тікелей эфирде Қазақстанның бизнес-қауымдастығының мәселелері мен бет алысы жөніндегі өзекті де өткір сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік бар.

«Даму» Қорының сайты мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен аностарды үзбей қарап отырыңыз! Сіздің белсенділігіңіз - біз үшін маңызды! http://goo.gl/KJ2oUH