28 шiлде 2014 ж. 20:22 Валюта курсы:  € = 246.72$ = 183.52P = 5.23                               
   

Жүгері

Жаркент өңірінің келешегі өнімді дақылға тәуелді

Елімізде жүгері өсіру – Н. Хрущевтің 1958 жылы АҚШ-қа жасаған әйгілі сапарынан кейін қолға алына бастағаны белгілі. Ол жүгері өсіруді зорлап енгізгендей болғанын, тарих парақтарынан білеміз. Бірақ кейіннен оның пайдасын да көрдік. Жүгері – басқа бидай, арпа, рапс, қызылша, картоп сынды дақылдарға қарағанда ең көп өнім беретін дақыл. Оны жақсылап күткен жағдайда әр гектарынан 12-14 тоннаға дейін таза дән, 30-40 тонна төңірегінде сүрлем алуға болады. Кезінде Алматы облысының Панфилов ауданында өсірілген жүгері одақтағы құс фермаларын жеммен қамтамасыз еткен. Құс шаруашылығын дамытуда жүгерінің алатын орны ерекше. Осы жолы жүгері өсірумен аты шыққан Жаркент өңіріне ат басын бұрып, аудан халқының негізгі кәсібінің біріне айналған жүгері өсіру ісінің аяқ алысын аңдап қайттық...

Жүгері инновациялық бағытта өңделеді

Жергілікті басшылардың ойын білгеннен кейін Жаркент крахмал және сірне зауытының бас директоры Вилиан Халиковтың есігін қақтық. Ондағы ойымыз жүгеріні терең өңдейтін зауыттың жұмысымен танысу болатын. Зауыт басшысы бізді жылышыраймен қарсы алды. Ауданға келгендегі мақсатымызды айтқаннан кейін, зауыт басшысы өндіріс ошағы жайында егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

– Жаркент крахмал және сірне зауытының іргетасы 2002 жылы қаланған. Зауытта үш маусымда 136 адам тұрақты түрде еңбек етіп келеді. Мұнда негізінен тамақ өнеркәсібіне қажетті крахмал мен сірне шығарылады. Бұдан басқа қосымша глютен, жүгері майы және мал азығына қажетті жем дайындаймыз. Бүгінде зауыттан шыққан крахмал мен сірнені «Рахат», «Қазақстан қағазы», «Жамбылгипс», «Қазупак», «АХБК», «Хамле», «Алматыазық» сынды іргелі кәсіпорындар тұтынып отыр. Мал мен құстардың жеміне қосымша берілетін глютенді «Қостанай құс» және Өскемендегі құс фабрикалары сатып алуда. Өзіміз 500-600 гектар жерге жүгері егеміз. Бұдан басқа жүзден астам шаруа қожалықтарымен арада келісімшартымыз бар. Біз шаруалардың жерін жыртып, тұқымын сеуіп, жинап бергеннен кейін өнімнің жартысын аламыз, ал қалғанын нарықтағы бағаға сәйкес сатып аламыз. Жүгеріге қажетті бірнеше тыңайтқыштың түрімен де қамтамасыз етеміз. Бұл жерде шаруалар жүгері алқабын уақытында суғарып, қарауылдайды. Зауыттың өзінің арнайы техникалары бар, – деп зауыт жайында қысқаша баяндап берді. Бұдан кейін Вилиан Халиков зауыттың жұмысымен таныстырды. Ат шаптырым аймақты алып жатқан зауытты аралағанда жүгерінің заман талабына сай, инновациялық жолмен өңделініп жатқанын өз көзімізбен көрдік. Жүгері дәнегінің ішіндегі кішкентай өзекшеден май сығылып алынатынын білгенде, техниканың мүмкіндігіне тамсанбасқа шарамыз қалмады. Сыйымдылығы 10 тоннадан астам үлкен төрт астаудағы жүгерілер үгітіліп, аппақ крахмалға айналып, қаптарға сауылдап жатса, енді бір жерден бөшкеге сірне тоқтаусыз ағады. Зауыттың жұмысымен танысып жүргенде В. Халиков аудандық әкімдіктің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан жеңілдетілген несие алып, жаңа зауыт салуға әрекеттеніп жатқанын баяндап берді. Зауыт басшылығы Қазақстанда өндірілген өнімді Ресей, Қырғызстанға дейін экспорттап үлгерген екен. Ол жаңа өндіріс ошағы іске қосылғанда экспорт көлемі артатынын мәлім етті. Жүгерінің Жаркент крахмал және сірне зауытынан 6 түрлі затқа айналатынын өз көзімізбен көріп, көкейімізде жүрген көп сауалға жауап тапқандай болдық. Осылайша жазиралы Жаркент өңіріндегі берекелі тірлікке көңіліміз толып қайтты.

Ауыл шаруашылығын несиелендіруде әлі де түйткілді мәселелер бар төрт айдан бері несие ала алмай жүрген зеренділік фермерлердің жағдайы осыны анық көрсетіп бергендей

Нурлан Жумахан

Нравится
 
сәуip 2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
            1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30        
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050004
Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесі қиылысы
Call-орталығы: +7 (727) 244 55 77 (көп арналы)
Қысқаша нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша қоңыраулар тегiн)
Тел.: +7 (727) 244 55 66
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: info@fund.kz   Филиалдар желісі

Жалғыз акционер

«Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ