Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Павлодарда «Жұлдыздарға қара» жобаcының жеңімпаздарына гранттар салтанатты түрде тапсырылды

2 қыркүйек 2016 ж., 17:32

Павлодар филиалы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» және «Қазкоммерцбанк» басшылығымен құрылған «Құс Жолы» қайырымдылық қоры «Жұлдыздарға қара» атты ісін жаңа бастаған мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер үшін жарияланған байқаудың қорытындысын жария етті.

Павлодар облысы бойынша Кәсіпкерлерді қолдау орталығына 9 өтініш келіп түссе, оның ішінде 3 адам ең көп ұпай санын жинап, ісін дамыту үшін грант алды.

Атап айтар болсақ:

  • Ажмуратов Серік. Сүт өнімдерін өткізумен айналысу үшін ірі қара мал бағумен айналысады. Серік грант ретінде сауу аппараты, сепаратор секілді еңбегін жеңілдететін құралдар алды.
  • Амиров Кенжебай. 2010 жылдан бері жұбайымен бірге киім тігу мен жөндеумен айналысады. Қазір іргесін кеңейтіп, өндірістік қуатты ұлғайту үшін грант қаражаты есебінен тігін машинасы және оверлок сатып алынды.
  • Дмитрий Хвостов. «АрДиНат» студиясын ашып, 3 D модельдер үшін жиһаз жиһаз фабрикалары, 3 D визуалды дизайн-жобалар интерьерімен айналысады. Грант түрінде 3D принтер алды.