Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қызылорда облысы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында БҰҰ Даму бағдарламасының «Шағын бизнес - үлкен мүмкіндіктер» жобасы аясында несиелендіруге өтінім қабылдау басталды

6 қазан 2016 ж., 16:39

«Бастамаларды қолдау» Қоғамдық Бірлестігі  Қызылорда облысындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының « Аймақтық экономикалық даму және тиімді басқару» бағдарламасының операторы, тұрақты дамуға мүмкіндік беретін инклюзивті, инновациялық, « жасыл» бизнес-жобаларды және экологиялық және этникалық туризмді дамытуға бағытталған бизнес - жобалардың конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады.

Бағдарламаның операторы қаржыландыратын жобалар төмендегі салалардың дамуына бағыталуы тиіс :

Ауылдық жерлерде әлжуаз топттарға әлеуметтік көмек көрсету ;

Инновациялық және « жасыл » технологияларды қолдау ( ең төменгі шығыстармен жоғары өнімділік беретін технологиялар , және энергияны үнемдеу технологиялары );

Экологиялық және этникалық туризмді дамытуға бағытталған бизнес - жобаларды қолдай отырып , аудандарға туристер мен инвестиция тарту ;

Ауыл тұрғындары мен әлжуаз азаматтарды жұмыспен қамтамассыз ету .

« Бастамаларды қолдау » Қоғамдық Бірлестігі Қызылорда облысының барлық аудандарында шағын кәсіпкерлерге пайызсыз және кепілсіз несие береді . Несие мерзімі – 1 жыл , көлемі - 1 500 000 тенгеге дейін . Несие бағыты жоғарыда көрсетілген бағыттардың біріне сәйкес болуы тиіс .

Өтінім 2016 жылдың 11 қарашасына дейін қабылданады .

Байланыс телефондары: +7 7242 26 30 96, 27 05 60,55 11 18

e-mail: mtulepova@mail.ru, zhak_s@mail.ru