Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Павлодар облысы бойынша филиалы 2016 жылдың ІІІ тоқсанын қорытындылады

10 қазан 2016 ж., 18:15

Павлодар облысы бойынша «БЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында кепілдендіру бағыты бойынша 17 жоба мақұлданып, кепілдендірудің жалпы сомасы 379 млн теңгені құрастырды. Кепілдендіруден басқа кәсіпкерлер пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жағынан да мемлекет тарапынан қолдау алды. Бұл несие үшін төлемінің сомасын төмендетуге және босатылған қаражатты өзінің бизнесін дамытуға мүмкіндік берді. Үшінші тоқсанда субсидиялау бағыты бойынша құны 6 млрд теңгеден асатын 37 жобаға көмек көрсетілді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында үшінші тоқсанда кəсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша 1 935 кеңес берілді. Сондай-ақ заңгерлік, маркетингтік, бухгалтерлік есеп қызметтері көрсетілді. 21 бизнес-жоспар əзірленіп, екінші деңгейлік банктерге 6 жоба сүйемелденді. Мобильдік кеңесшілер кəсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша облыстың аудандарында 120 кеңес көрсетті.

«Жаңа бизнесті қолдау мен ашу» бағдарламасы аясында 20 адам оқытылса, жоба қатысушыларының көбі жақын арада жеке ісін ашуды жоспарлап отыр. «Студент жастардың кəсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің 20 студенті атсалысты. Сонымен қатар бүгінгі күні «Шағын және орта бизнес топ менеджментін оқыту» бағдарламасы бойынша 14 кәсіпкер оқып шықты. Аталған бағдарлама шағын жəне орта бизнес басшыларының құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.