Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы 2016 жылдың үшінші тоқсанын қорытындылады

20 қазан 2016 ж., 11:13

Осы кезең ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында субсидиялау бағыты бойынша құны 9,1 млрд теңгелік 122 жоба, кепілдендіру бағыты бойынша құны 1 067 млн теңгелік 37 жобаға қолдау көрсетілді. Кепілдіктер сомасы 447,5 млн теңгені құрады.

Қаржыландырылған жобалар ішінде ЖШС «Сей-Нар Өндірістік кешені», ЖШС «Астана-Бизнес», ЖШС «Балкаш-Нан», ТОО «Fresh Market», «Азия Фирмасы» ЖШС тәрізді ірі кәсіпорындарды атауға болады.

Бейқаржылық қолдау аясында 2016 жылдың 9 ай көлемінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша 7385 кеңес ұсынылды. Сонымен қатар, заң, маркетинг, бухгалтерлік есеп саласында 86 бизнес-жоспар әзірленді. Облыс аудандарында кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша 1002 мобильді кеңес көрсетілді.

«Даму-Көмек» жобасы аясында 16 мұқтаж адамға демеушілік көмек көрсетілді. «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» бағдарламасының аясында 137 адам, «Бизнесті ашу мен қолдау » бағдарламасы бойынша 76 адам оқытылды. «Назарбаев Университеті» АҚ Жоғары бизнес мектебі жанында шағын және орта бизнес жетекшілерінің құзыреттілік деңгейін жоғарылатуға бағытталған «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша 15 бизнесмен оқытылды.