Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы 2016 жылдың үшінші тоқсанынын қорытындылады

20 қазан 2016 ж., 11:20

«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы 2016 жылдың үшінші тоқсанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының жүзеге асу көрсеткіштерін қорытындылады

Осы кезеңде кепілдендіру бағыты бойынша 23 жобаға қолдау көрсетіліп, кепілдендірілген жалпы сома 362,5 млн.теңгені құрады. Ал несиенің үстеме пайызын төмендетуге 23 кәсіпкер қол жетізді және субсидияланған несие сомасы 1 305,4 млн. теңге болып отыр.

Қызылорда облысының кәсіпкерлері ағымдағы жылы белсенді түрде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қаржылай емес қолдау түрлеріне жүгінді. 3 ай ішінде 1843 адам, оның ішінде – шағын және орта бизнес өкілдері кеңестік көмек алып, бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқыту мен дөңгелек үстелдер және семинарларға қатысты. Үшінші тоқсанда 15 бизнес-жоспар жасалып, 38 жоба екінші деңгейлі банктен несие алу барысында сүйемелдеу қызметін пайдаланып, есептік кезеңде аталған жобалар қаржылай көмекке ие болды.

Іс бастаушы және әлеуетті кәсіпкерлер тарапынан оқыту бағдарламаларына белсенді қызығушылық байқалып, «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» және «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» бағдарламалары бойынша барлығы 53 адам оқудан өтті. Шағын және орта бизнес басшыларының біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында «Назарбаев Университеті» АҚ бизнестің жоғары мектебі базасында 9 әрекет етуші кәсіпкерлер оқудан өтті.

Сондай-ақ үшінші тоқсанда бастауыш кәспкерлерге арналған «Startup «Bolashak» республикалық бизнес-жобалардың байқауы екінші жыл қатарынан бастау алып, Қызылорда облысынан 110 жас азамат өз жобаларын ұсынды.

«Даму-Көмек» және «Жұлдыздарға қара» жобалары аясында 8 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетілді.