Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Алматы қалалық әкімшілігі мен «Даму» Қоры қаланың туризм, инновация және тамақ өнеркәсібі саласын қаржыландыруға 4 млрд теңге бөледі

21 қазан 2016 ж., 14:52

Мұндай меморандумға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин және шаһардың бизнес өкілдері қатысқан Іскерлік кеңестің отырысында қол қойылды.

Қаражат қаланың туризм, инновация және тамақ өнеркәсібі саласын қаржыландыруға бағытталады. Алматы қалалық әкімшілігі мен «Даму» Қорының паритетті негіздегі бірлескен қаржыландыруы екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

1. Туризм саласындағы кәсіпкерлерге «Алматы туризм» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар:

Жалпы қаржы көлемі – 2 млрд теңге. Алматы қалалық әкімшілігі 1 млрд теңге, «Даму» Қоры 1 млрд теңге бөледі.

Несие мөлшерлемесі жылына 8,5%;

Бір кәсіпкердің қолына тиетін қаржы шегі 100 млн теңге;

Несие 84 айға дейін беріледі ;

Мақсаты – инвестици я және айналым қаражатын толықтыру .

2. Тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерге «Алматы өнім» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар:

Жалпы қаржы көлемі 1 млрд те ң ге . Алматы қалалық әкімшілігі 500 млн теңге, «Даму» Қоры 500 млн теңге бөледі.

Несие мөлшерлемесі жылына 8,5%;

Бір несие алушыға 100 млн те ң ге ге дейін беріледі ;

Несие негізгі құрал жабдықтар сатып алу және жаңартуға деп 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін беріледі ;

Мақсаты – тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар өндірісі .

3. Инновациялық салаларда қызмет ететін кәсіпкерлерге «Алматы инновациялар» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар :

Жалпы қаржы көлемі 1 млрд те ң ге . Алматы қалалық әкімшілігі 500 млн теңге, «Даму» Қоры 500 млн теңге бөледі.

Несие мөлшерлемесі жылына 8,5%;

Бір несие алушыға 100 млн те ң ге ге дейін беріледі ;

Несие 84 айға дейін беріледі ;

Мақсаты – инвестици я және айналым қаражатын толықтыру .

Мұнымен қатар екі тарап үш бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттың кем дегенде 25% start - up жобаларға берілуі керек деп келісті.

« Алматы қаласы республиканың іскерлік орталығы болып саналады. Шаһар шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жағынан алғашқы орында. Мұнда 182 ШОБ кәсіпорындары бар. Бұл республикалық көрсеткіштің 15% құрайды. Жұмыспен қамтылған халық саны жағынан да бірінші орында. 570 мыңға жуық адам кәсіпкерлік саласында қызмет етеді. Бұл республика бойынша 17%-ды құрайды. Сондай-ақ ШОБ кәсіпорындары шығарған өнім көлемі жағынан да бірінші орында. Олар 4 млрд тан астам те ң ге нің өнімін шығарған. Бұл республика бойынша шығарылған өнімнің 26% құрайды. Дегенмен жеңілдікпен несиелендіруді қажет ететін салалар да бар. Ол – туризм, тамақ өнеркәсібі және инновациялық салалар. Мысалы «Алматы туризм» бағдарламасы бойынша біз қолөнер шеберлерін ерекше кәдесыйлар жасауға ынталандырғымыз келеді. Бұл алдағы 2017 жылғы Универсиада мен ЭКСПО-2017 кезінде маңызды. «Алматы өнiм» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер тамақ пен алкогольсіз сусын шығаруға жеңілдікті несиеге, фермерлер өз өнімдерін өткізетін нарыққа қол жеткізеді. Ең бастысы - бөлінген қаражаттың 25% жаңа кәсіпорындар мен жаңа бағыттарды қолға алатын start-up жобаларға бөлінетіні. Әкімшілік үшін бұл қала бюджетіне түсетін салық пен жаңа жұмыс орындары»,-деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.