Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Полиграфия қызметін дамыту үшін мемлекет тарапынан бизнесті кешенді қолдау

21 қазан 2016 ж., 15:13

Қазақстанда полиграфия қызметі тез өсіп, қарқынды дамуда. Қазіргі заманғы нарықта шағын басып шығару қызметтерін пайдалананатын тұтынушылар артуда.

«CASPI Service – Типография Баспахана» ЖК компаниясы Ақтау қаласында типография қызметін көрсетуде. Негізгі қызмет түрі кітапшалар, буклеттер, парақшалар басып шығару және көшіру, басқада типографиялық қызметтер болып табылады. Кәсіпорынның 6 жылдық қызметі барысында тұрақты клиенттері бар, сондай-ақ қызмет көрсету ақысы көңілге қонымды болып табылады.

Кәсіпорынның екі қызмет атқару орны бар, біріншісі өз қаражатымен ашылып, осы күнге дейін қызмет атқаруда, және екінші шағын типографияны 6 бөлмелі пәтерді жалға алу арқылы қызмет атқаруда.

Мекеме басшысы Кривулин Сергей екінші шағын типография ғимаратын тұрақты жұмыс орны ретінде сатып алуға шешім қабылдады. Осы бизнес-идеясын іске асыру үшін, компания «Азия Кредит Банк»-тен қаржыландыру алып, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысты. Кәсіпкердің кепілдемесі жеткіліксіз болғандықтан, кепілдеме құралын пайдаланды. Сондай ақ кәсіпкер несиені 14%-дың орнына 7% ғана төлейтін болады, жартысын мемлекет өтейді.

ЖК «CASPI Service – Типография Баспахана» кәсіпорны «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында кешенді қолдауын алды.

Осылайша, Маңғыстау облысында тағы бір жоба мемлекеттің қатысуымен қолдау тапты.