Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

21 қазанда Шымкент қаласында «Бизнес Аллеясы» атты шара басталды

21 қазан 2016 ж., 17:35

21 қазанда Шымкент қаласында Республика бойынша «Даму» Қорының ұйымдастыруымен «Бизнес Аллеясы» атты шара басталды. 25 кәсіпорын өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының Аймақтық филиалы қызметкерлері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшылары осы жылы елімізде тойланып жатқан үлкен мереке – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына өз үлестерін осылай қосты.

Шымкентте 250 ш.м. астам алаңға 25 ағаш түрлері: емен, үйеңкі, шаған отырғызылды. Шараны «Даму» қорының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы, Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі және облыс кәсіпорындары ұйымдастырды.

Акция қатысушылары – «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Даму» Қорының несие бойынша пайыз мөлшерлемесін субсидиялау, оқыту жобалары бойынша және «Даму» Қорының кепілдігі түрінде қолдау алған кәсіпорындар.

Акцияға әрбір кәсіпорын өз ағашын таңдап алды. Мысалы, «Даму» қорының филиалы емен таңдады. Бұл ағаш көп жасау мен күш-қуатты білдіреді.

Әрбір компанияның өз тақтайшасында белгіленген атаулы ағашы болады.

Аллея отырғызуға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының филиал директоры Қуаныш Ұласбеков, «Даму» Қорының аймақтық филиалы директорының орынбасары Жамбыл Қалдаров, Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімінің өкілі Әсет Аблахманов, түрлі компания директорлары мен өкілдері қатысты.

- «Көшет отырғызу – бұл жақсы дәстүр әрі қаланы көгалдандыру. Біздің қала Қазақстанның жасыл желекті қалаларының бірі болып саналады. Біз Шымкент шаһарының одан әрі көгеріп, көктеп, әдемі болғанын қалаймыз. Әрбір компания қала үшін берекелі іс жасай алады. Үлкен сауапты іске үлес қоссаң өзің деесейесің және тазарасың»,- дейді кәсіпкер Мәдина Ахмедова.