Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қоры мен Риддер қаласының әкімшілігі (ШҚО) шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне 100 млн теңге бөлді

24 қазан 2016 ж., 15:54

«Біз моноқалалармен шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне қаржы бөлу жөніндегі несие келісіміне бірінші рет қол қойып тұрмыз. Риддер қаласы әкімшілігі мен «Даму» Қоры паритетті негізде бөлген 100 млн теңге соншалықты орасан зор қаржы болмағанмен, бұл - моно қалаларда жеңілдікпен несиелендіруді қажет ететін шағын және орта кәсіпкерлік жанданып келе жатқанының көрінісі. Риддер қаласы үшін шағын кәсіпорындардың дамуы мен олардың тұрақты қалыпта алға жылжуы қала қазынасына қосымша салық түсіріп, жұмыс орындары сақталып, жаңасы ашылуына ықпал етеді»,-деді қол қою рәсімінен кейін «Даму» Қоры басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев.

Құжат бойынша, бір кәсіпкердің қолына 30 млн теңгеге дейін тиеді. Жылына 8,5 %-бен жаңа құрал-жабдықтар алып, ескісін жаңартуға 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін. Аталған бағдарлама аясында қаржыландырылған кәсіпкерлер «Даму-Блиц» технологиясын және/немесе несие бойынша кепілзат жетпеген жағдайда «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана алады.

Қаржы екінші деңгейлі банктер арқылы босатылады. Риддерлік кәсіпкерлер үшін бағдарламаға салалық шектеу қойылмайды. Әкімшілік пен «Даму» Қоры бөлген қаржының 50% өңдеу өнеркәсібін қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Басымдық берілген салалар қатарында ауыл, балық, орман шаруашылығы және тамақ пен киім өндіру, тұрғын-жайға жатпайтын ғимараттар салу, қонақ үй мен тамақтандыру секілді тағы басқа да қызмет түрлері бар.

Сондай-ақ ШҚО әкімшілігімен өңірдің ШОБ саласына 100 млн теңге бөлу жөнінде меморандумға қол қойылды.