Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Талдықорғандық филиалы 2016 жылдың үшінші тоқсанын қорытындылады

24 қазан 2016 ж., 19:03

«Даму» Қорының Алматы облысы бойынша аймақтық филиалы ағымдағы жылдың тоғыз айының өз қызметін қорытындылады. Тоғыз айдың ішінде филиал кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялау бойынша сомасы 1734,18 млн теңге болатын 102 шартқа қол қойды. Сонымен қатар кепілдік беру бойынша сомасы 1038,16 млн тенге болатын 73 шарт мақұлданды.

Талдықорған қаласының кәсіпкерлерді қолдау орталығында 10561 адам кеңес алды. Облыста жүретін Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы 1269 тұрғынға мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша кеңес берді. Олар бухгалтерия, заң, маркетинг, сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру кеңестерін алу үшін келген. Бұдан басқа, 400 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, ол 629 жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ облыста бейқаржылық қолдау бойынша «Шағын және орта бизнестің топ-менеджменті оқыту» жоба аясында 45 кәсіпкер Астана қаласындағы «Назарбаев Университетінде» өз біліктілігін арттырды.

«Даму-Көмек» жобасын жүзеге асыру бойынша көпфункционалды тігін машиналарын демеушілік көмек ретінде мүмкіндігі шектеулі бизнесі бар және бизнес бастамақ болған 21 кәсіпкер алды. Демеушілер қатарында «Алель Агро» АҚ, «Status Plast» ЖШС, «Кайнар АКБ» ЖШС, «Glasman» ЖШС, «Шалов» ЖК болды. Олар бір кездері «БЖК-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алған болатын.

 

«Жұлдыздарға қара» байқауы қорытындысы бойынша Алматы облысының мүмкіндігі шектеулі үш кәсіпкері өз бизнесін дамыту үшін гранттар ұтып алды. Олар өз бизнесті дамыту үшін 300 000 теңгеден тегін гранттарға ие болды.

25 шілде мен 23 тамыз аралығында КҚО-да «Даму» Қоры мен «Болашақ» қауымдастығымен бірлесіп, «Startup «Bolashak» жүзеге асырып өтінімдерді жинады. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18 жастан 29 жасқа дейін жастар қатысса, жалпы Алматы облысы бойынша 185 адам қатысты.

«Жаңа бизнесті қолдау және ашу» және «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобалары аясында ІІІ тоқсанда 135 адам менеджмент пен салық салу негіздерімен танысып, бизнес-жоспар құруды үйренді. Олардың 14-і қазірдің өзінде заңды тұлға ретінде тіркелген.