Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Жаңатас қаласында тұңғыш қоғамдық монша ашылды

24 қазан 2016 ж., 19:18

Жаңатас қаласы - Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімшілік орталығы. КСРО құлағаннан кейін қала қаңырап жартылай бос қалған болатын. Алайда 2012 жылғы моноқалаларды жаңғырту мемлекеттік бағдарламасынның басталуының арқасында, бос қалып, күйреуге қалған үйлер бұзылып, көшелер ретке келтіріліп, қаланың көрінісі айтарлықтай жаңарып қалды. Яғни қаланың жаңару дәуірі басталды десе де болады. Бүгінде қалада «Руслан» атты заманауи қоғамдық монша ашылды. Бұл күнді барлық қала тұрғындары күткен болатын десе де болады.

– Менің кәсіпкерлікпен айналысқаныма 7 жыл болды. Қаладағы және қала маңындағы ауылдық дүкендерді нанмен қамтамасыз етемін. Қала тұрғындарының жақсы бір қоғамдық моншаны аңсап жүргендері туралы білетін едім. Алайда моншаны соғуға өзімнің қаражатым жетіңкіремейтін еді. Сонымен, жақында «Даму» Қорының қолдауымен несие алуға бел будым. Несиемнің пайыздық мөлшерлемесі 14%, оның 10% «Даму» қоры субсидиялайды, яғни менің несиемнің пайыздық мөлшерлемесі 4%-ға айналды,-дейді жеке кәсіпкер Бекмағанбетов Әміржан.

Қоғамдық монша орташа есеппен алғанда 40 адамдық. Әр бөлімшеде жуынатын кең бөлме, шағын құрғақ және дымқыл бу бөлмесі, душ және санитарлық торап орналасқан. Кәсіпкер моншаның ішінен шай немесе басқа да сусындар ішетін және моншаға қажетті заттар сататын шағын дәмхана ашуды жоспарлап отыр. Жаңа нысанда 8 жұмыс орны ашылды. Монша демалыссыз апта бойы жұмыс істейді. Моншаға түсу адам басына 500 теңге. Сондай-ақ, екі VIP бөлме бар.

Жалпы айта кетерлігі, Жаңатастық кәсіпкерлер мемлекеттің бизнесті қолдау құралдарының ең белсенді қолданушыларының бірі. Бүгінгі күнде «Даму» қорының «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде, Сарысу ауданы бойынша 23 жоба қолдау алған. Оның ішінде 17 жоба Жаңатас қаласында жүзеге асырылуда.