Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Астаналық филиалы 2016 жылдың үшінші тоқсанын қорытындылады

24 қазан 2016 ж., 19:33

«Даму» Қорының Астаналық филиалы 2016 жылдың үшінші тоқсанын қорытындылады. Осы кезең ішінде кепілдендіру бағыты бойынша 19 жобаға қолдау көрсетіліп, кепілдендірілген жалпы сома 309 млн теңгені құрады. Ал несиенің үстеме пайызын төмендетуге 26 кәсіпкер қол жеткізді және субсидияланған несие сомасы 8,7 млрд теңге болып отыр.

Қалалық әкімдікпен бірге астаналық кәсіпкерлерді қолдау үшін аймақтық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы кезең ішінде «Астана Бизнес» бағдарламасы бойынша 14 кәсіпкер жалпы құны 7,6% мөлшерімен 1 536,8 млн теңге болатын жеңілдетілген несие алды.

39 жас кәсіпкер өз ісін бастауға мүмкіндік алды. Жылына 7% деңгейіндегі «Астана-ZhasStarT бағдарламасына» қатысу арқасында олар 540,8 млн теңге көлеміндегі несиеге қол жеткізген.

23 топ-менеджер 2011 жылдан бастап «Назарбаев Университеті» Business ДББҰ жоғары мектебінің «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша оқудан өтті.

«Даму-Көмек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 4 кәсіпкер демеушілік көмек алды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін Астаналық орталық іс бастаушы және қаланың бизнесі бар кәсіпкерлері үшін де танымал орын. Өөйткені олар «Даму» қорының кеңесшілердің тегін сараптамалық көмек ала алады. 3-ші тоқсанда 1 214 қалалық келіп, оларға 1 494 тегін қызмет көрсетілді.

«Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында 32 қалалық тұрғын оқып, қазірдің өзінде үшеуі өз бизнесін бастады.

«Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша 21 студент oқытылды. Олардың біреуі өз бизнесін бастады.