Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«5+ Репетирлық орталығы» басшысы «Даму» Қорының қолдауымен балабақша ашты

25 қазан 2016 ж., 18:51

«5+ Репетирлық орталығы» ЖК басшысы Нұрматова Зарина Батырқызы «Бизнестің Жол Картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Қазақстан халық банкінен» несие алып, балабақша ашты. Кәсіпкер 6 млн теңге несиені 84 айға 19 пайызбен алған. Несие рәсімдеу барысында кепілзаты жетіспегендіктен Зарина Батырқызы «Даму» Қорының кепілдемесіне жүгінді. Қор 3 млн теңге, яғни, несие сомасының 50 пайызына кепілдік берді. Сонымен қатар, қарыздың 10 пайызын мемлекет субсидиялады.

Балабақша мектепке дейінгі білім беретін мекеме тапшылығын тартып отырған Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында орналасқан.

Бүгінгі күні жоба толықтай жүзеге асырылып, балабақша толық іске қосылды.

Мұнда балаларға білім беру және дамыту саласында бірінші және жоғарғы санатты педагог мамандар топтастырылған. Сонымен қатар балабақшада мектеп жасындағы балаларға репетитиорлық қызметтер (мектепке, емтиханға дайындық, математика ағылшын және тағы басқа пәндер бойынша білім деңгейін көтеру) көрсетіледі.