Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы 2016 жылдың үшінші тоқсанын қорытындылады

26 қазан 2016 ж., 11:44

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы 2016 жылдың үшінші тоқсанын қорытындылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы іске асырыла басталғалы субсидиялау құралы бойынша облыстың Аймақтық үйлестіру кеңесімен жалпы құны 11,9 млрд теңгені құраqnsy 81 жоба мақұлданды. Оның ішінде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 6,7 млрд теңгені құрайтын 31 жоба қабылданды. Облысымызда ең белсенді екінші деңгейлі банктердің арасында «Казкоммерцбанк» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ субсидиялау шарттарына қол қойған.

Қарағанды облысы бойынша «Даму» Қоры аймақтық филиалымен «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясындағы кепілдендіру құралдары бойынша облыста несиенің жалпы құны 1,37 млрд теңгені құрайтын 41 жоба мақұлданды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында белсенді қатысатын әйелдерге 214,4 млн теңгені құрайтын 11 кепілдік мақұлданды. Жалпы мақұлданған жобалардың ішіндегі 9 жоба өңдеу өнеркәсібімен, 5 көлік қызметі мен қойма шаруашылығымен байланысты.

Ұлттық қор қаражатынан өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау аясында 9,1 млрд теңгеден тұратын 32 жоба іске асырылды.

Сонымен қатар Қор филиалы аймақ кәсіпкерлерінің біліктілігін көтеретін бейқаржылық қолдау жұмысын белсенді түрде жүргізуде.

«Назарбаев Университетінде» «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компоненті бойынша облыстың 38 кәсіпкері білім алды.

«Даму-көмек» бағдарламасын іске асыруда 15 мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкер демеушілік көмек пайдалана алды.

2016 жылдың 9 айы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (әрі қарай- КҚКО) 3 403 заңды және жеке тұлғаларға бухгалтерия, юриспруденция мен кәсіпкерлерді қолдайтын бағдарламалар бойынша 3 632 кеңестік қызмет жүргізілді. КҚКО аясында биылғы жылы 51–ден астам семинар, тренинг, кездесулер, бастамашыл және іскер кәсіпкерлерге арналған бизнесті жүргізу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Кәсіпкерлерге қымзмет көрсету орталығында ХҚКО кеңесшісі 753 қызметін, яғни электронды-цифрлы қолтаңба алуға, несиелік есептер, тұрғын үйдің болуы (болмауы) және т.б. қызметтерді көрсетті.

Кәсіпкерлерге мобильдік қолдау орталығы кеңесшісімен белсенді семинарлар өткізілді. Осы 9 айдың ішінде Қарағанды облысының 30-дан астам ауылдық мекендерге барып, тұрғындарына 782 кеңестік қызмет көрсетті.

Ekaraganda.kz веб порталында әлі де «Даму» Қоры филиалының блогы жұмыс істеуде, онда филиал жаңалықтары, ЖКС табыс тарихтары, «Даму» қорының ықпалымен мемлекеттік қолдау алғандар жарияланады.

Филиал мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті арасында «Студент жастарының кәсіпкерлік бастамасын қолдау» бағдарламасы аясында біріккен меморандум құрылып, 19 бен 29 жас аралығындағы студент жастарының 75-і білім алды.

Кәсіпкерлік бастамасы бар тұлғалар мен кәсіпкерлерге арналған «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында семинарлар ұйымдастырылып, 120 адам білім алды.