Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы үшінші тоқсан қызметін қорытындылады

26 қазан 2016 ж., 12:53

«Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы 2020» қолдау мен бизнесті дамытудың іске асыру бірыңғай бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысын шығарды.

Осы уақыт аралығында несие қоржыны шамамен 2,9 млрд теңге болатын 50 жобаны субсидиялауға қол қойылды. «Даму» Қорынан жалпы сомасы шамамен 213 млн теңгелік 12 жоба кепілдік алды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 1 000 консультациялық қызметтер көрсетілді. КҚКО мамандары «БЖК 2020» бағдарламасына қатысатын кәсіпкерлерге құжаттар жинап, кейіннен банкке өтініш беру және банктің шешімін алу үшін жобаларды сүйемелдеуге көмек көрсетті. Үшінші тоқсанда тегін 10 бизнес-жоспар мен 7 жоба екінші деңгейлі банктерде әзірленді. Олар қаржылай қолдауға ие болды.

«Жаңа бизнес ашуды қолдау» және «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобалары шеңберінде 40-тан астам адам оқыды. «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы бойынша «Назарбаев Университеті» ДБҰ жанында өз білімдерін Солтүстік Қазақстан облысының 11 кәсіпорын басшылары толықтырды.

«Даму-Көмек» - «Жұлдыздарға қара» жобалары шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі 4 кәсіпкерге қолдау көрсетілді.