Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге грант тапсырылды

26 қазан 2016 ж., 17:12

Жақында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана қаласы бойынша филиалында облыстың «Жұлдыздарға қара» байқауының жеңімпаздарына жабдық алуға сертификаттар тапсыру рәсімі өтті.

Астанадамүмкіндігі шектеулі 4 кәсіпкер грант ұтып алды.

Байқау жеңімпаздары - Көбжасаров Қабидула, Нұржаубай Тілек, Гладкова Данара және Төлепбергенова Жанар.

1992 жылы есту қабілеті нашар балаларға арналған түзеу мектебін бітіргеннен кейін, Қабидула «Казахсельмашқа» жұмысқа орналасты. 2003 жылдан бастап ол аяқ киім жөндейтін өз шағын шеберханасын ашты. Грантқа кілт жасайтын құрал сатып алды. Бұл әрине Қабидуланың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Келесі гранттың иегері - Нуржаубай Тілек. Қазақстанға 12 жыл бұрын Монғолиядан көшіп келді. Астанада шағын наубайхана ашқан. Ол грант қаражатына қамыр илейтін құрал сатып алды.

Гладкова Данара 1993 жылы апаттан кейін мүгедек болды. Дизайнердің оқуын бітіріп, апасымен бірге өз бизнесін ашқан. Ол грант есебінен салонға керек жабдықтар сатып алды.

Төлепбергенова Жанар - бала кезінен III топ мүгедегі. Жанар тігін ісі бойынша шағын бизнес ашу үшін шешім қабылдады. Ол грант қаражатына ательеге оверлог сатып алды.