Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Өскеменде «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтті

26 қазан 2016 ж., 17:22

Өскеменде 20-21 қазан аралығында басты мақсаты Шығыс Қазақстан облысын дамытуға қосымша қаражат жұмылдыру болып табылатын «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтті.

Ел шығысының инвестициялық әлеуетімен танысуға 13 мемлекеттен 300-ден астам делегат келді. Олардың арасында қаржы институттары өкілдері, инвесторлар мен Ауғанстан, Болгария, Испания, Италия, ҚХР, АҚШ, Словакия, Чехия, Нидерланд, Ресей, Польша, Тәжікстан, Түркия дипломаттық корпусының өкілдері бар.

«Алтай Invest-2016» қатысушылары өз компаниясын, өнімін, жобасын таныстыру мүмкіндігіне ие болып, оны іске асыру мүмкіндіктерін талқылады, менеджмент, қорларды тиімді пайдалану және бизнеске инвестиция тарту бойынша жаңа білім алды.

Әлеуетті инвесторларға агроөнеркәсіптік кешенде, өнеркәсіп, энергетика, туризм салаларында 927 млрд теңге сомасына ШҚО 84 жоба ұсынылды. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 22 инфрақұрылымдық және әлеуметтік 22 нысан құрылысына қатысу ұсынылды. Сондай-ақ, ауданы 278 га құрайтын, туризмді дамытуға арналған 46 үмітті орын таныстырылды. Барлық жобаларды іске асыру 10 мыңнан артық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Форум барысынша ШҚО әкімі Даниал Ахметов форумның жаңа идеялар, инновациялар мен инвестициялар үшін ашық, заманауи экономиканы құруға бағытталған Шығыс Қазақстан үшін үлкен маңызын атап өтті.

«Аltai Invest-2016» халықаралық форумының аясында үш бағыт бойынша роуд-шоу өткізілді, олар: өнеркәсіп және энергетика, АӨК, туризм және МЖС салалары. Роуд-шоу аясында «Даму» Қорының ШҚО бойынша АФ директоры Т.Ж.Екеев өнеркәсіп және туризм салалары туралы баяндама жасады, ал «Даму» Қорының Басқарма Төрағасының Орынбасары М.Б.Бейсембаев ШҚО Әкімдігімен және Риддер қ. Әкімдігімен аймақтың шағын және орта бизнесін қаржыландыру үшін Меморандумдарға қол қойды.

Форумның пленарлық бөлігінің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында жобаларды іске асыру бойынша жалпы сомасы 218 млрд теңгеге 9 келісімге және меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, роуд-шоу аясында өнеркәсіп және энергетика, АӨК, туризм және МЖС салаларында 35,3 млрд теңгеге 29 меморандумға қол қойылды. Солайша, Форум нәтижесі бойынша барлық қол қойылған құжаттар саны 38 құрады, жалпы сомасы - шамамен 255 млрд теңге.