Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Маңғыстау облысында бизнесін дамытуға мемлекеттік қолдау алған компаниялар қатары көбеюде

26 қазан 2016 ж., 17:36

«Uni Тrade Aktau» ЖШС компаниясы азық-түлік өнімдерін көтерме сатумен айналысады. Қазақстанның «Алматинский продукт» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «Концерн «Цесна-Астык» ЖШС (ұн, макарон өнімдері), «Tandem» ЖШС (демалысқа арналған тауарлар, гигиеналық заттар) сияқты өндіруші компаниялары өнімдерін Маңғыстау облысының аумағында дистрибьюторлық қызмет арқылы жүзеге асырады.

Компания әр түрлі тауарларды көбейту мақсатында, айналым қаражатына тауарларды сатып алуды қамтамасыз ету жайында шешім қабылдап, несие алу үшін «Казкоммерцбанк» АҚ жүгінді.

Клиентке несие бойынша кепілдіктің жетіспейтін бөлігін қаматамасыз етуге байланысты кәсіпкерге несие сомасының 43%-дық мөлшеріне дейін «Даму» Қорының кепілдігі ұсынылды. Банк қарызды 19%-бен берді, оның ішінде субсидиялау яғни пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеу 10%-ды құрайды. Бұл - кәсіпкерге ай сайынғы төлемдер бойынша жүктемені төмендетуге мүмкіндік берді. Яғни мемлекет олардың бір бөлігін өтейді. Қазіргі таңда кәсіпкер бизнесін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық селосында жүзеге асыруда.

Осылайша, бірінші бағыт аясында «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдендіру бойынша жоба мемлекет тарапынан кешенді қолдау тапты. Бағдарламаның осы бағыты бойынша моноқалалардағы, шағын қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер, салалық шектеулерсіз кез–келген салаға қолдау ала алады.

Құрметті кәсіпкерлер! Сіз бизнесті ашуға немесе дамытуға мемлекеттің қолдауын алу туралы барлық ақпаратты «Даму» Қоры АҚ Маңғыстау филиалының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан, келесі мекен-жай: Ақтау қаласы 16 шағын аудан, №24 ғимарат. телефоны 70 – 10 – 51 арқылы ала – аласыз.