Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Атырау қаласының кәсіпкері «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болды

27 қазан 2016 ж., 11:36

Ерболат Гизатов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау облыстық мемлекеттік университетте дизайнер мамандығы бойынша білім алған.

Өз еңбек жолын Атырау қаласындағы жарнама агенттіктерінде баспахана маманы, дизайнер ретінде бастады. 2011 жылы өз бетімен ЖК «Brend» жеке бизнесін ашуды жөн көрді.

Қазіргі таңда компания визитка, жарнамалық баннерлер, билборд, фотопортрет, саптыаяқтар, футболкалар мен бейсболкаларға жазулар түсіру секілді баспахана қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар, компания интерьерлік, фасад, жарық әріптерін дайындау, металл құрастырылым, жарнама штендерлер дизайн қызметін көрсетумен айналысады.

Ерболат Гизатов кеңсе сатып алу үшін ЕБ АҚ «Ресей Сбербанкіне» 6 млн теңге көлемінде қарыз алуға өтініш береді. «Даму» Қорынан 1 млн теңгеге кепілдік беріліп, жылдық пайызы 19% несиенің 7%-ын мемлекет субсидияланса, 12%-ын кәсіпкер өтейтін болды. Нәтижесінде 3 жұмыс орны пайда болды.