Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы 2016 жылы 9 айда атқарған жұмысын қорытындылады

27 қазан 2016 ж., 16:46

Бағдарламаның жүзеге асқанынан бастап бүгінгі күнге дейін (03.10.2016 ж. дейін) жалпы сомасы 174,22 млрд теңгеге 567 жоба бойынша келісім-шартқа қол қойылған. Жобалар бойынша төленген субсидияның жалпы сомасы 15,361 млрд теңге. Шымкент қаласының аумағынан тыс 242 бизнес-жоба қолдау тапқан.

Облыста жалпы соммасы 4,3 млрд теңгеге (1,8 млрд. теңге кепіл сомасы) кәсіпкерлердің несиелері бойынша біртіндеп кепілдік беру үшін 111 келісім-шартқа қол қойылған.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кепілдендіру құралы бойынша Қор филиалымен облыста жалпы несие сомасы 634,5 млн теңгеге 31 жоба мақұлданған. Кепіл сомасы 231,8 млн теңге. Әйел кәсіпкерлер де бағдарламаға белсенді қатысуда. Оларға 143,5 млн теңге сома несиеге 6 кепілдік мақұлданған, кепіл сомасы 57,73 млн теңге. ОҚО бойынша кепілдендірілген жобалар құрылымында өңдеуші сала 13 жобамен және көтерме-бөлшек сауда 6 жобамен басымдыққа ие.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау Бағдарлама шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында көшбасшы тұғырынан көрініп отыр. Мақұлданған жобалар саны бойынша 111, жалпы жоба сомасы 37,3 млрд теңге.

2016 жылы 9 ай жұмыс барысында Шымкент қаласындағы «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерге бизнес ашу және жүргізу бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар жасау бойынша, салықтық және статистикалық есептемелер тапсыру және т.б. бойынша 6,8 мыңнан аса қызмет көрсеткен.

Кәсіпкерлердің 69 аса жобалары кеңес берушілердің қаржыландыру бойынша сүйемелдеуінде. Оның ішінде 17 жоба субсидиялау және кепілдендіру бойынша мақұлданды: ЖК Капустеринская Е. (кондитерлік өнімдер өндірісі), ЖК Дүйсебаева А. (Сарыағаш қ. Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы), ШҚ Нұрбек (Сүт өнімдерінің өндірісі) және т.б.

«Назарбаев Университет» ДБҰ жанында «ШОБ топ-менеджментін оқыту» жобасы шеңберінде оңтүстік қазақстандық компаниялардың 66 топ-менеджерінің өтініші қабылданып, оның ішінде 46-сы оқыды. Оның арасында оңтүстіктің танымал компаниялары басшылары да бар. Олар: «Зерде фито» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Алтай» АӨК және т.б.

Арнайы жастар мен іс бастаушы кәсіпкерлер үшін «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» және «Жаңа бизнес басчтамаларды қолдау» жобасы шеңберінде 247 адам оқытылды, оның ішінде 17 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді және өз бизнесін жүргізіп жатыр.