Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Диас» тігін фабрикасы» ЖШС «Даму Көмек» бағдарламасы аясында көмек көрсетті

28 қазан 2016 ж., 12:04

«Диас» тігін фабрикасы» ЖШС басшысы Хасен Кажибаев «Даму Көмек» бағдарламасы аясында мүгедек кәсіпкерлердің балаларына мектеп формасын сыйлады.

Серік Акимбаев көру бойынша І топ мүгедегі. Серікте төсек-орын жабдықтары бойынша жеке тігін цех бар.

Бұдан бұрын кәсіпкер «Даму» Қорына балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруына, жеке тігін цехыне тігін машинасын сатып алуға, сондай-ақ балаларды мектепке дайындауға көмек сұраған болатын. Акимбаевтар отбасында он жеті мектеп жастағы балаларды тәрбиелеп жатқандықтан, бұған орай осы жылы үлкен отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының дипломанты атанды.

Соңғы өтінішіне «Диас» тігін фабрикасы» ЖШС директоры назар аударып, мектеп киімдерін сыйлады.

«Даму» Қорының қызметкерлері балаларға мектеп формасын тапсырып, оқу жылына сәттілік тіледі.

«Даму» Ақмола облысы бойынша Аймақтық филиалы бизнесмендерді өз ісін жаңа бастап жатқан және әрекеттігі мүгедегі бар кәсіпкерлерге табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беріп, немқұрайлы қарамауға шақырады. Егер де Сіз белгілі бір кәсіпкер-мүгедекке көмек көрсеткіңіз келсе Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 46а/1 мекен-жайы бойынша күтеміз, байланыс телефондары: 8(7162) 551119, 551118, 551114.