Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

1 қараша күні Қызылордада «Жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дәріптеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

28 қазан 2016 ж., 17:49

«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының бірлесуімен «Жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дәріптеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылуда. Дөңгелек үстел аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту жолдары, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мен 18 бен 29 жас аралығындағы жас азаматтарға кеңестік сүйемелдеу қызметін көрсету секілді сұрақтар талқыланады. «Даму» Қорының өкілдері іс-шара қатысушыларына кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде баяндап, қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несие алу жолдарын түсіндіреді.

Іс-шараға қатысуға өз кәсібін ашуды жоспарлайтын Тасбөгет кентінің жас тұрғындары шақырылады.

Өткізілетін орны: Қызылорда қ, Тасбөгет кенті, Шүкіров көшесі,11.

Өтетін күні мен уақыты: 1 қараша, басталуы сағат 11:00-де.

Байланыс телефоны: + 7 7242 551118, электронды мекен-жай: damu@list.ru.