Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Павлодарда Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму мәселелері бойынша онлайн-бейнеконференция өтті

31 қазан 2016 ж., 15:20

Кезекті кездесу барысында кәсіпкерлер өз сұрақтарына «Даму» Қоры Павлодар облыстық аймақтық филиалының директоры Ерқанат Әбеновтің өз аузынан жауап алды.

 

Атап айтқанда: «Даму» Қорының жедел несиелерін 5-7 күн ішінде алуға болатынын;  «Даму» Қорының жанында студенттер үшін кәсіпкерлік негіздеріне үйрететін тегін оқу барын;  Павлодардағы С.Торайғыров атындағы ПМУ жанында аймақтық стартап-академия ашылғанын, ол жерде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар жайында мағлұмат алып, тегін семинарларға қатыса алатыны жөнінде білді.

Сондай-ақ, филиал басшысы конференциянын қатысушыларға ауылдық жерлерде қызмет үшін несие алу, қарау мерзімдері, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған бағдармалары бойынша, сондай-ақ жастарға арналған оқу жобалар туралы кеңес берді.

Шараның толық жазбасын мына сілтемеден көре аласыздар: http://group-global.org/ru/conference/perspektivy-razvitiya-predprinimatelstva-v-kazahstane-pavlodraskiy-filial

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму болашағына арналған онлайн-жобалар аясында өздеріңізді толғандырған сұрақтар болса G-Global сайтының осы айдағы «Тұлғасы» - «Даму» Қоры басқарма төрағасы Қаныш Тлеушин мен филиал, департамент басшыларына жолдауға болады. Ол үшін мына сілтемеге өту керек: http://goo.gl/KJ2oUH Тіркеу қажет емес.