Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қостанайда кәсіпкерлермен кезекті онлайн-кездесу өтті

1 қараша 2016 ж., 15:53

Қостанайда бизнес бастау үшін қандай талаптар бар, бұл бағытта «Даму» Қорымен қандай банктер әріптестік қарым қатынаста. Осы және басқа да сұрақтарға «Даму» Қорының Қостанай бойынша аймақтық директоры Замира Оразбаева жауап берді. Бейнеконференцияға Қазақстанның барлық аймағынан түрлі салада қызмет ететін кәсіпкерлер қатысты. Олар өздерін толғандырған сұрақтар қойды.

Қор филиалы басшысы сұрақтарға жауап бере келіп, бастапқы бизнес тек «Даму» Қорының кепілдігі арқасында несиелендірілетінін айтты. Қостанайда бұл бағдарлама бойынша 4 банк жұмыс істейді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Центр Кредит Банкі» АҚ, «Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ және «АТФ Банк» АҚ.

Осы аталған банктердің барығында несие талаптары бірдей. ЖК ретінде тіркелген мерзім 3 жылдан аспауы керек. Несие сомасы 20 млн теңге. Сыйақы мөлшерлемесі 17 пайыздан бастап, айналым қаражатын толықтыруға деп 36 айға, инвестицияға 60 айға беріледі,-деді басшы.

Ең көп қойылатын сұрақ жаңа бизнес ашу, соның ішінде мемлекеттік қолдау алу болды. Сонымен қатар инновация жобалары және грант алу, т.б өзекті мәселер қозғалды. Кездесу жетекшісі G-Global сайтына келіп түскен сұрақтарды, оның ішінде су өндіру, құс өсіру туралы, өз кәсібін ашуды армандайтын, бірақ қалай және неден бастайтынын білмейтіні туралы сұрақтарды да оқып, жауап берді.

Кездесуде бұдан басқа мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер қатысты, кәсіпкерлерді қандай қолдау алатыны туралы сұрақтар қызықтырды. Оларға өздерінің бизнесін дамыту үшін қандай көмек алатыны туралы қолданыстағы қолдау шаралары туралы түсіндірілді.

Кездесудегі барлық кәсіпкерлерде спикерге сұрақ қою мүмкіндігі болды, бұл өз Іс шараның толық бейнежазбасын мына сілтеме бойынша қараңыз: http://group-global.org/ru/conference/perspektivy-razvitiya-predprinimatelstva-v-kazahstane-1