Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Петропавлда «Жаңа бизнес ашуға қолдау» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспар байқауы өтті

1 қараша 2016 ж., 18:26

31 қазанда «Даму» қорының Петропавл қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнес ашуға қолдау» жобасы аясында бизнес-жоспарлар байқауында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қысқа мерзімде оқып және консультациялық сүйемелдеу алған старт-ап жобаларының тұсаукесері өтті.

Шараны «Business Masters» ЖШС компаниясының жоғары білікті бизнес-жаттықтырушылары өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар өз бизнес-үлгілерін жасауды үйренді. Қаржылық жоспарлау, ресурспен қамтамасыз ету сияқты ұғымдармен танысып, өндіріс шығындарын жоспарлап, бастапқы капиталды санауды үйренді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында оқуға қатысқандарды кәсіпкерлік қызметке дайын екендігін бағалауға, келіссөздер дағдыларын игеру, өз өнімдерін алға жылжытудағы әдістер мен құралдарды ұғынуға үйретті. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шартьарымен толық таныстырды.

Білікті қазылар алқасы және потенциалды инвесторлар алдында бизнес-жобаларды сәтті таныстыру - оқыту мен кеңестік-тәжірибелік қолдаудың нәтижесі болып табылады.