Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Қазақстан Елім» ЖШС мақсаты - БҚО жолаушыларының қауіпсіздігі мен жайлылығы

1 қараша 2016 ж., 18:34

«Қазақстан елім» ЖШС 2010 жылдың сәуір айында құрылған. 2013 жылы «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы алғашқы рет қолдау алып, Орал қаласы мен аудан орталықтарына қатынайтын Hyundai маркалы жолаушылар автобус сатып алды. Осыған дейін аудан орталықтарынан Орал қаласына дейін ескі автобустар мен жеке автокөлік қатынаған еді. Енді «Қазақстан Елім» ЖШС арқылы алынған жаңа автобустар барлық аудандар мен облысты байланыстырып келеді.

Биыл кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына қайта қатысып Қор арқылы кепілдендіруді қолданып, кепілдік жүктемесін едәуір жеңілдетті.

Қазіргі уақытта кәсіпорын Hyundai, Golden Dragon XML, ПАЗ секілді заманауи және жайлы автобустары бар үлкен паркті кеңейтіп қызмет көрсетіп жасап жатыр. Кәсіпорын аудан орталығынан басқа ауылдарға дейін бағыттар шығара бастады. Сөйтіп ауыл мен аудан орталықтарында тасымалдау қызметінің сапасы жақсарғандай болды. Шалғай жатқан елді-мекендерге жолаушылар тасымалдау қызметі енді жақсарды.