Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Талдықорғанда кәсіпкерлер үшін «Консалтинг күні: Тиімді бизнес? Біз білеміз бе» деген семинар өтті

3 қараша 2016 ж., 18:17

Қазақстандағы Еуропа қайта құру және Даму банкі мен «Даму» Қорының Алматы облысы бойынша филиалы бірлесе отырып облыс кәсіпкерлері үшін «Консалтинг күні: Тиімді бизнес? Біз білеміз бе» деген семинар өткізді.

«Даму» Қорының қызметкерлері мен ЕҚДБ кеңесшілері кәсіпкерлер үшін бірнеше тұсаукесерлер және практикалық шеберлік сабақтарын өткізді.

Алматы облысының отыздан астам шағын және орта бизнес өкілдері кәсіпорынның мүмкіндігі арттыру үшін консалтинг тиімділігін қалай пайдалану керектігін біліп, компанияның ұйымдастыру жұмыстары барысында критикалық қателерін анықтауды үйреніп, сауда көлемін арттырып, электрондық шот-фактураларды қолдану сияқты көптеген пайдалы кеңестер алды.

Семинардың мақсаты қазақстандық бизнес үшін өсуінін мүмкіндігі бар, кадрларды тиімді басқара алатын, сату және қаржы, халықаралық стандартты ISO сапасы және КАЙДЗЕН тәжірибесін енгізуге жағдай жасау болатын.

ЕҚДБ – Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі. Қазіргі уақытта банк Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларына 7,5 миллиард еуро инвестициялады. 2016 жылы ЕҚДБ республикасының экономикасына 700 миллион еуро инвестициялады.