Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Ауылдағы бизнеске мемлекеттік қолдау

1 қараша 2016 ж., 18:27

Ресми деректерге сәйкес Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының халқының саны шамамен 132 мың адамды құрайды. Осы ауданда күніне нанды орташа тұтыну шамамен 16 500 келіні құрап отыр. Яғни бұл (8 адамға 1 келі нанды тұтынуды ескере отырып) ауданда жергілікті халықтың қажеттілігін толық қанағатандыру үшін жұмыс жасап тұрған наубайхананың қуаттылығы жеткіліксіз болған. Осы мәселені шешуге ынта танытқан жергілікті кәсіпкер Қашқынбаева Ақтамақ ЖК наубайхана ашуға шешім қабылдаған. Кәсіпкер нан-тоқаш өндіретін өндірісті іске қосуды жоспарлаған. Шығарылатын өнім 5 түрлі болады. Бұл: ақ нан, қара бидай наны, француз наны, мейіз қосылған италия наны, кебек қосылған қара нандар. Кәсіпкерге наубайхананы ашуға және болашақ наубайхананы жарақтандыру үшін жабдықтар мен жиһаз қажет болған.

Сол себепті кәсіпкер «Ресей Сбербанкі» АҚ ЕБ арқылы Мұнайлы ауданындағы өзінің жобасына қаржыландыру алды. Несие жылына 14%-бен берілді. Пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау 10%-ды құрайды, ал қалған 4%-ы мөлшеріндегі айырмашылықты кәсіпкер өтейтін болады. Өз меншігімен кепілдікті қамтамасыз ету тапшылығына байланысты кәсіпкерге «Даму» Қорының кепілдігі несие сомасының 50 пайыздық мөлшеріне дейін. Осылайша мемлекеттің қолдауымен жақын арада Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылында жаңа наубайхана іске қосылатын болады.

Осылайша, бірінші бағыт аясында «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдендіру бойынша жоба мемлекет тарапынан кешенді қолдаулар алды. Бағдарламаның осы бағыты бойынша моноқалалардағы, шағын қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер, салалық шектеулерсіз кез – келген салаға қолдау ала алады.

Құрметті кәсіпкерлер! Сіз бизнесті ашуға немесе дамытуға мемлекеттің қолдауын алу туралы барлық ақпаратты «Даму» Қоры АҚ Маңғыстау филиалының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан, келесі мекен-жай: Ақтау қаласы 16 шағын аудан, №24 ғимарат. телефоны 70 – 10 – 51 арқылы ала – аласыз.