Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Петропавлда «Даму» Қорының кепілдігімен «Еркем-ай» балабақшасы ашылды

3 қараша 2016 ж., 18:45

2015 жылы Петропавлда «Егоров қоймалары» ЖШС «Еркем-ай» атты балабақша ашқан. «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасына қатысуының арқасында компания 2 қабатты 280 орындық балабақша ғимаратын салған.

«Егоров қоймалары» ЖШС мектепке дейінгі білім беру ошағының құрылысына қажет несиені Еуразиялық банктен алып, оған «Даму» Қорынан қарыз сомасының 50 пайызына берген кепілдігін пайдаланған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушы ретінде несиенің пайыздық мөлшерлемесі 7% құрады.

«Еркем-ай» балабақшасы Петропавлдың орталығында орналасқан. Бүгінде жалпы аумағы 4 478 шаршы метрлік ғимаратта 2 жастан бастап 5 жасқа дейінгі 280-нен астам бала тәрбиеленуде. Мектеп жасына дейінгі сәбилермен мұнда музыка мамандары, хореографтар, психологтар, логопед, қазақ және ағылшын тілдерінің мұғалімдері секілді 30-дан астам қызметкер айналысады. Спорт үйірмесі жұмыс істейді.

«Еркем-ай» бақшасының тәрбиеленушісі осы жылы Республикалық «Менің Қазақстаным» атты балалар суреттері байқауынан екінші орын алды.