Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Атырау қаласында «Даму–Көмек» бағдарламасы аясында демеушілік көмек көрсетілді

3 қараша 2016 ж., 18:55

Өз ісімен айналысуға тілек білдірген Айгүл Әділоваға Атырау облыстық «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша демеушілік көмек көрсетілді.

Айгүл Әділова III топ мүгедегі. 2000 жылға дейін мәдениет үйінде концерт ұйымдастыру қызметінде жұмыс атқарды. Алайда онкологиялық операциядан шыққаннан кейін оған жұмысты тастауға тура келді. Қазір Айгүл өзі алты қызын тәрбиелеп отыр. Оған сүйікті ісімен айналысу және өз отбасына көмектесу үшін сапалы және жылдам жұмыс істейтін, түрлі функциялары бар заманауи тігін машинасы керек болды.

Айгүлдің өтінішіне кәсіпкер, «Транс Логистик Өнім» ЖК өкілі Гүлфайра Ғабдуллина үн қатып, тігін машинасын сатып алып берді.