Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Түркістан қаласындағы «Бауырсақ» дәмханасы жаңа бағыт үшін мемлекеттің қолдауына ие болды

4 қараша 2016 ж., 11:29

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының кәсіпкері Инара Намазбаева 3 жылдан аса уақыттан бері «Бауырсақ» дәмханасының жұмысын дөңгелентіп келеді. 80 орындық тамақтандыру орны күніне жүзден астам адамға қызмет көрсетеді.

«Қоғамдық тамақтандыру саласында ең маңыздысы - орналасқан жері. Біздің дәмхана қаланың ең халық көп жеретін бөлігінде орналасқан. Бағаларымыз да қымбат емес. Бізге студенттер де, кеңсе қызметкерлері де келе алады. Ас мәзірінде: 8 түрлі салат, бутербродтар, жартылай фабрикаттардан ыстық тамақтар, фуршет үшін салқын тіскебасарлар бар. Осы жылы біз кондитерлік цехты іске қосуға бел будық. Бұл жерде тирамису, шығыс тәттілерінен бастап кекстер, майға пісірілген бәліштер және басқа да кондитерлік өнім түрлерін дайындауды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, жартылай фабрикаттар: тұшпара, мәнті және котлет өндіретін цех қатар жұмыс істейтін болады»,-дейді Инара.

Кондитерлік цехты іске қосу туралы бизнес-идеясымен кәсіпкер Түркістан қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (КҚКО) келеді. Ол жерде бизнес-жоспар жасауға көмектеседі және жобасын «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 40,0 млн теңге көлемінде қаржыландыруға дейін сүйемелдейді. АТФ банкі арқылы алынған қарыздың пайыз мөлшерлемесі 19% құрады. Оның 10% «Даму» Қоры төлейді.

Қарыз қаражатына Қытайдан пеш, қамыр-араластырғыш, салқындатқыш және мұз қатырғыш құрылғылар сатып алынды. Құрылғы күніне 300-400 келі нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндіреді.

Бүгінде дәмханада 40 адам жұмыс істейді. Цехты іске қосқаннан кейін қосымша 20 жұмыс орны ашылады.

- «Даму» Қорының КҚКО мамандарының қолдауы мен жұмысының арқасында мен мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері туралы білдім және өз бизнесімді кеңейтуге несие алдым. «Даму» Қоры мемлекет атынан сыйақы мөлшерлемесінің 10 пайызын төлейді»,-дейді кәсіпкер Инара Намазбаева.