Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қостанайда жүргізуші күні қарсаңында «GreenAuto» компаниясы ІІ топтағы мүгедекке демеушілік көмек көрсетті

4 қараша 2016 ж., 11:41

2 топтағы мүгедек Юрий Дебенко өткен жылы кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығына келіп, ескі автокөлігіне газ қондырғысын орнатуға көмек сұраған болатын. Демеуші табу қиын екенін түсінген, әрі бұл қызметтің құны қымбат (150 мың шамасында) екенін түсінгендіктен амранының орындалатынына үлкен сенімі де болмаған.

Юрий жекеменшік адам тасумен айналысады. Бұл жалғыз табыс көзі ғана емес. Такси - сүйікті ісі. Өйткені оның еркін жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі болғанымен, жұртпен емен-жарқын араласып жүргенді ұнатады. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы күн көрісіне толық жетпейтін болғандықтан, үнемдеуге де тура келеді. Қазіргі кезде көптеген жүргізушілер өздерінің көліктеріне газ қондырғысын орнатқан. Ол өз құнын жарты жылда ақтайды. Енді Юрий артық шығындалып және құрылғының өз құнын ақтауын күтпейді. Альтаир Мохорев басшылық ететін «GreenAuto» компаниясының кәсіби командасы көлікке газ қондырғысын тегін орнатып берді.

 

«Бағдарламаға қатуысу үшін өтінім бергенде, маған көмек көрсетіледі деп сенбедім. Бірақ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджері, маған көмек көрсететін кәсіпкер бар екенін айтқанда, төбем көкке жеткендей болды. Кез келген арман орындалады, тек оған сену керек»,-деді ТҚС-нан көлігіне қондырғы орнатып шығып бара жатқанда Юрий. Ол «Даму» Қорын және кәсіпкер Альтаир Мохоревты көрсетілген көмегі үшін және жеке бизнесін дамытуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.