Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

2 қараша күні Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған бейнеконференция өтті

4 қараша 2016 ж., 14:06

Көптеген банктер кәсіпкердің 15 пайыздық қаражаты өз қалтасынан бола тұра несие үшін қосымша кепілдемені не үшін сұрайды, мемлекеттік қолдау алған жобаның тиімділік көрсеткіштері не үшін енгізілді. Осы және тағы басқа көптеген сұрақтарға G-Global алаңында «Даму» Қорының БҚО бойынша филиалының директоры Ербол Иденов кәсіпкерлермен болған кездесуде жауап берді.

«Кәсіпкердің төлем қабілетін анықтауда әр банктің өз әдістері бар. Сондықтан да көпшілігі тәуекел қатерін азайту үшін кәсіпкердің 15 пайыздық қаражаты өз қалтасынан бола тұра қосымша кепілдеме талап етіп жатады. мысалы депозит түрінде»,-деді Қордың БҚО бойынша филиал директоры Ербол Иденов.

G-Global ақпаратты-коммуникативті алаңында кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берген басшы, мемлекет пен банк және кәсіпкерлердің арасындағы тәуекелді теңдей бөлу қаражатты көп қажет ететін жобаларға тәуелді деді.

«Мен жүк тасымалымен айналысамын. Өзім би өзім қожамын. Қазіргі кезде менің банктегі өтінішімді қарастыра келіп, «жобаның тиімділігі туралы талап» бойынша жобам жүзеге асқаннан соң жоқ дегенде 1 жұмыс орнын ашуым керек екенімді түсіндім. Маған мұның не қажеті бар? Мен жалғыз өзім де үлгере аламын ғой?»,-деген сұрақ қойды кәсіпкерлердің бірі.

Ербол Иденов мұндай жаңа талаптың себебін түсіндіріп берді. Мемлекеттің көмегін алған кәсіпкер өзінің нақты кірісін көрсетіп, жұмыс көлемін арттырып, жұмыс орындарын көбейтуі үшін енгізілген,-деді ол.

Толығырақ мына сілтеме арқылы көруге болады: http://group-global.org/en/conference/perspektivy-razvitiya-predprinimatelstva-v-kazahstane-zko.