Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қоры өткізген «Ашық есік күнінде» 500-ден аса адам келіп, 900-ге жуық кеңес берілді

7 қараша 2016 ж., 15:56

Бүгін «Даму» Қоры жалпыреспубликалық «Ашық есік күні» шарасын өткізді. Барлық өңірлердегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында (15 облыс орталығы, Астана мен Алматы қалалары) Қор басқарма төрағасы мен филиал басшылары клиенттерге тікелей кеңес берді.

Шараға 500-ден астам адам келіп, 900-ге тарта кеңес берілді. Ең көп келушілер Алматы қаласында тіркелді. Мұнда 151 адам кеңес алған. Одан кейін 70 адамға қызмет көрсеткен Маңғыстау облысы тұрса, Атырау облыстық филиалының директорынан кеңес алуға 63 адам келген. Кәсіпкерлерді негізінен франшиза сатып алу, аймақтық бизнесті қаржыландыру бағдарламалары, жаңадан іс бастау – стартап жобаларды қаржыландыру, ЖК мен ЖШС тіркеу, несиеге кепілдеме беруді қарастыру мерзімі мен несие пайызын субсидиялау тәртіптері секілді сұрақтар қызықтырды.

«Бүгін біз басшылар жүз бе жүз отырып өздері кеңес беретін «Ашық есік күнін» тұңғыш рет өткізіп отырмыз. Мұндай кездесулер «Даму» Қорының клиенттерімен байланысты күшейтіп, қызмет көрсету сапасын жақсартады. Бұл мәселеде біз алғашқы қадамдарды жасап отырмыз. Келесі жылы біз қаржылық супермаркет жобасын жүзеге асырмақпыз. Бұл автоматтандырылған жүйенің тиімділігі неде? Клиент қорға келіп, қолдауымызға жүгінгенде оған арнайы кеңесші бекітіліп, оның барлық бизнес-идеялары мен ұсыныстарын тыңдайды. Сөйтіп ол клиенттің ыңғайына, қай өңірден келгеніне қарай, қай банк қолайлы, Қордың қай бағдарламасы дұрыс деген сауалдары бойынша жеке-жеке талдау жасайды. Бұл жұмыстың барлығы авотматты, жариялы түрде жүргізіледі. Әрі клиенттің ыңғайына қарай жеке назар аударылады. Сөйтіп банктер тарапынан несие беруге негізсіз қарсылық жасалмағанын қадағалауға мүмкіндік туады. Егер несие берілмейтін болса, себебі қандай екені анық көрсетіледі. Яғни барлығы жариялы түрде болады»,-деді журналистерге «Даму» Қорының басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин

Төраға келтірген мәсілеттер бойынша 2012 жылдан бастап 2016 жылдың қараша айы арасында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында шамамен 526 мың қызмет көрсетілген. 2016 жылдың 10 айы ішінде (қаңтар мен қараша айы арасында) Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Жылжымалы түрде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орындары 115 мыңға тарта қызмет көрсеткен. 2016 жылдың 1 қазанына Қордың қаржылық бағдарламаларына өтініш берер алдында бір мың жеті жүзге жуық жоба сүйемелденген (2016 жылдың 9 айының мәліметтері).Жыл соңында 75 мыңнан астам адамға консультация беру көзделген. Өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артық