Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Мемлекеттік қолдаудың арқасында ШҚО Жезкент ауылындағы тіс емханасы қызмет аясын кеңейтті

8 қараша 2016 ж., 10:29

Дмитрий Логвинчук еңбек жолын Өскемен қаласының мемлекеттік клиникасында тіс дәрігері ретінде бастады. 2004 жылы Бородулиха ауданы Жезкент ауылына көшіп, өзінің жеке ісін ашады.

Алғашында жұмыс істеп тұрған стомотология кабинетін жалдап шағын қызмет түрлерін жеке көрсетіп тұрды.

2007 жылы Дмитрий жалдап отырған бөлмені өз қаржысына сатып алады. Тіс емханасы орналасқан пәтер 2009 жылы тұрғын-үй қорынан алынып, жаңа кіретін тобы рәсімделіп қазір «Грация» деген атауға ие. Жезкент ауылында үлкен бәсекелестікке байланысты тіс емханасының атағы алысқа жайыла қоймаған еді. Уақыт өте келе стоматология клиникасы ауыл іші ғана емес, аймаққа да таныла бастады. Дмитрий өз жұмысында Keer, Denstsply, 3М сияқты заманауи жабдықтарын қолданады. Сонымен бірге қазақстандық, ресейлік және шетел мамандары стоматология саласында жүргізетін біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады.

Стоматологияның кеңеюіне байланысты Дмитрий 2014 жылы көрші пәтерді де сатып алды. Дегенмен, жаңа кабинетті жабдықтау үшін жаңа құралдар қажет еді. «ЦентрКредит Банк» АҚ арқылы 2015 жылдың қараша айында 6,5 миллион теңге сомасында несие алып, 2016 жылдың қаңтарынан «Бизнестің жол картасы 2020» БҚДББ аясында оны субсидиялады. Субсидия мөлшері 10% құрады.

Бүгінгі таңда жаңа кабинет үшін керекті жабдықтар сатып алынды. Тіс емханасы парадонотология, лазерлік ағарту, косметикалық тіс тазалау және рентген-кабинет сияқты жаңа қызмет көрсету түрлерін кеңейтті.