Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қызылорда қаласында «Бизнес аллеясы» ашылды

8 қараша 2016 ж., 10:44

5 қараша күні «Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнес Аллеясы» шарасын ұйымдастырды. Қордың бастамасын қолдағандар қатарында екінші деңгейлі банктердің басшылары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алған аймақтың кәсіпкерлері де болды.

Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Мәңгілік алау ескерткішінің жанынан 200 текше метр жер көлеміне теректің 50 түп көшеті отырғызылды. Қазіргі уақытта автокөліктер мен басқа да зиянды ластағыштар әсерінен зардап шегіп отырған барлық қалалардың ауасы таза болуы үшін теректің қажеттілігі ерекше. Себебі терек өзге ағаштар арасында ең көп мөлшерде оттегі бөлетін, экологиялық маңызы зор ағаш ретінде бірінші орында тұрады.

- Мен «Даму» Қорының «Бизнес Аллеясы» акциясына қатысу туралы ұсынысын бірден қабылдадым. Әрбір ер-азамат ағаш отырғызуға міндетті деген қанатты сөз тегін айтылмаған, бұл өте сауапты іс. Сондықтанда алдағы уақытта балаларым мен таныстарыма осы аллеяның түзілуіне атсалысқанымды мақтанышпен айтатын боламын, -дейді кәсіпкер Мағжан Ералиев.

- Біз Қызылорда қаласында «Бизнес Аллеясы» пайда болғанына қуаныштымыз. Ендігі жерде аллеяның отырғызылуы қаланың көгалдануына өз үлесін қосады деп сенемін. Сонымен қатар бүгінгі іс-шараның өтуіне атсалысып, аллеяны көшеттендіруге келген барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, - дейді «Даму» Қорының аймақтық филиал директоры Жансұлтан Матаев.